Bulletin of Toraighyrov University Economics series, 2026, № 1, 2026, с. 531-545
ФРИЛАНС ЦИФРЛЫҚ ЭКОНОМИКАДА ЗИЯТКЕРЛІК КАПИТАЛ РЕТІНДЕ (ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ)
Аннотация · Abstract
Мақала цифрлық экономика жағдайында фриланс пен зияткерлік капиталдың өзара байланысын талдауға арналған. Scopus, Web of Science және ScienceDirect мәліметтер базаларында берілген ғылыми жарияланымдарға библиометриялық және салыстырмалы-аналитикалық әдістер негізінде шолу жүргізілді. Фриланс пен зияткерлік капитал феноменіне қызығушылық тұрақты түрде өсіп келе жатқаны көрсетілген, алайда олардың өзара байланысын ашатын зерттеулер шектеулі болып отыр. Фриланс білімге, дағдыларға және инновациялық әлеуетке негізделген креативті өзін-өзі жұмыспен қамтудың бір түрі болып табылады, бұл оны цифрлық экономикадағы зияткерлік капиталдың көрінісі ретінде түсіндіруге мүмкіндік береді. Мақала мақсаты - жекелеген нәтижелерді синтездеу, өзара байланыс аналитикалық критерийлерін ұсыну және қолданбалы модельді – көпфункциялы интернет биржаны белгілеу. Мақалада фриланс пен зияткерлік капиталдың негізгі критерийлері белгіленген, олардың өзара әрекеттесу ерекшеліктері қарастырылды, екі ұғымның да ерекшелік критерийлері анықталды, сондай-ақ Қазақстанда фриланс секторын дамыту үшін интеллектуальды-инновациялық құрал ретінде көпфункциональды интернет биржасының авторлық концепциясы да ұсынылды. Зерттеу нәтижелері зияткерлік капиталды жинау және пайдалану саласында фриланстің рөлін айқындап, цифрлық еңбек нарығын талдауда жаңа ғылыми тәсілдердің қалыптасуына ықпал етеді. Кілтті сөздер: адами капитал, фриланс, интеллектуалдық капитал, цифрландыру, еңбек нарығы
Сведения · Details
- DOI 10.48081/bgqf1965
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Economics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0