Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Energetics series, 2026, № 1,2026, с. 326-339

5G ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНДА ОПТИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ

А. Нүсіпали, К. Н. Тайсариева, Н. Смайлов, Ж. К. Аяпберген

Аннотация · Abstract

Бұл ғылыми мақала 5G инфрақұрылымында оптикалық байланысты пайдаланудың мүмкіндіктерін жан-жақты талқылайды. 5G ұялы байланыс желілері жоғары жылдамдықты деректер алмасу, төмен кешігу, сенімді қосылу және үлкен өткізу қабілеттілігі сияқты талаптарды қояды. Осындай сипаттамаларды толық қамтамасыз ету үшін магистралдық және қолжетімділік инфрақұрылымының қуаты, энергетикалық тиімділігі және масштабталуы шешуші маңызға ие. Оптикалық байланыс жүйелері жоғары өткізу қабілеттілігі, электромагниттік кедергілерге төзімділігі және қашықтыққа тәуелділігі төмен шығындары арқылы бұл талаптарға сәйкес келетін негізгі технология ретінде қарастырылады. Мақалада оптикалық талшық арқылы деректерді беру принциптері, радиобазалық станцияларды талшықты арналармен біріктіру тәсілдері, сондай-ақ front-haul және back-haul сегменттерін оптикалық шешімдер негізінде ұйымдастыру мысалдары сипатталады. Бұдан бөлек, 5G инфрақұрылымында қолданылатын қазіргі оптикалық архитектуралардың артықшылықтары мен шектеулері, оларды одан әрі жаңғырту бағыттары және болашақта 6G желілеріне өту контексіндегі әлеуеті қарастырылады. Алынған нәтижелер оптикалық желілерді жоспарлау кезінде өткізу қабілетін болжау, ресурстарды бөлуді оңтайландыру және қашықтағы базалық станцияларды тиімді қосу үшін пайдалануға болатындығын көрсетеді, сондай-ақ желі тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді. Кілтті сөздер: 5G инфрақұрылымы, оптикалық байланыс, жоғары жылдамдықты интернет, оптикалық талшық, 5G технологиялары, байланыс жүйелері, желілік архитектура, ақпараттық коммуникация технологиялары.

Сведения · Details