Bulletin of Toraighyrov University Energetics series, 2026, № 1,2026, с. 253-262
ЭЛЕКТР ҚОНДЫРҒЫЛАРЫНЫҢ АЛЬТЕРНАТИВТІК ҚОРҒАНЫСЫ
Аннотация · Abstract
Қымбат және металл көп қажет ететін ток трансформаторларын қолданудан бас тарту мәселесі CIGRE халықаралық комитеті тарапынан электрэнергетика саласы үшін стратегиялық міндет ретінде танылды. Алайда, дәстүрлі қорғаныс құралдарының барлығы дерлік ток трансформаторларынан ақпарат алады. Бұл ток трансформаторлары көп мөлшерде металды қажет етеді, ауыр және көлемді, жоғары бағамен өтпелі режимдерде айтарлықтай қателіктерге ие. Бұл мәселе микропроцессорлық қорғаныс жүйелерінің кең таралуымен күрделене түседі, бұл тәжірибе белгілі бір жағдайларда жеткілікті сенімділікке ие емес екенін көрсетті. Осыған байланысты дәстүрлі ток өлшеу трансформаторларын және осы трансформаторлардан қуат алатын байланысты қорғаныс жүйелерін пайдаланудан бас тартудың шұғыл қажеттілігі бар. Бұл мақалада ток трансформаторларын қолданбайтын терморезисторларға негізделған альтернативтік қорғаныс құрылғысын қарастыру ұсынылады. Бұл қорғаныс құрылғылары комплектік тарату құрылғысының (КТҚ) ұяшыққа қосылған электр қондырғылары үшін дәстүрлі ток қорғаныс құрылғыларына альтернативтік ретінде қолданылуы мүмкін. Ұсынылған қорғаныс құрылғысы әзірленген жаңа әдіс бойынша жасалған. Жұмыс нәтижелері ірі және шағын өнеркәсіптік кәсіпорындарда, электрстанцияларында және қосалқы станцияларда қолданылуы мүмкін, сондай-ақ ғылыми қауымдастық үшін қызығушылық тудырады, себебі олар электрэнергетикасындағы материалдарды, соның ішінде релелік қорғаныстағы материалдарды үнемдеу мәселесін шешуге көмектеседі. Бұл жұмыстың мақсаты – комплектік құрылғыларының ұяшықта қосылған электр қондырғыларына арналған ток қорғанысын құру әдісін әзірлеу және ток трансформаторлары мен металл өзектері бар ток релелері бар дәстүрлі ток қорғаныстарына альтернативтік бола алатын қорғаныс құрылғысын жасау, бұл ретте қолданылатын материалдарды айтарлықтай үнемдеу. Кілтті сөздер: терморезистор, қорғаныс, құрылғы, температура, шина, ресурстарды үнемдеу, ұяшық.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/bgqf1952
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Energetics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0