Bulletin of Toraighyrov University Energetics series, 2026, № 1,2026, с. 78-97
ЖОҒАРЫ КҮЛДІ КӨМІРДІ ТИІМДІ ЖАҒУ ҮШІН OFA ФОРСУНКАЛАРЫН ОРНАТУ БИІКТІГІН ОҢТАЙЛАНДЫРУ
Аннотация · Abstract
Ұсынылған жұмыста БКЗ-75-39ФБ бу қазандығында отынды сатылы жағу кезінде жалын үстінен ауа беру (OFA – Over-Fire Air) технологиясын пайдалану үрдістерінің сандық зерттеу нәтижелері келтірілген. Моделдеу FloREAN бағдарламалық пакетінде RANS k–ε турбуленттілік моделін және алты ағынды модельді пайдалана отырып орындалды. Зерттеуде бес жұмыс режимі қарастырылды: базалық (OFA қолданылмаған) және форсункалар 8,0; 9,4; 10,0 және 12,0 м биіктіктерде орнатылған төрт нұсқада, ауа ағынының инжекторлар мен оттықтар арасындағы үлесі 18:82 қатынасында болды. Нәтижелерді ParaView бағдарламасында өңдеу қазандықтың шыға берісіндегі температуралар мен газдар (CO, CO₂, NO, NO₂, SO₂) концентрацияларының тік профильдерін алу және сипаттамалық статистикалық талдау жүргізу мүмкіндігін берді. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, OFA форсункаларын 9,4 м биіктікте орналастыру жанудың толықтығы мен ластаушы заттардың азаюы арасындағы оңтайлы тепе-теңдікті қамтамасыз етеді: түтін камерасынан шығатын NOₓ (NO + NO₂) концентрациясы 564,34-тен 424,22 мг/Нм³-ке дейін төмендейді, CO₂ массалық үлесі 0,1562-ден 0,1459 кг/кг-ға дейін азаяды, ал CO мөлшері аздап артады. Сонымен қатар, шыға берістегі температура шамамен 325 °C-қа төмендейді. Барлық жұмыс режимдеріндегі SO₂ шығарындылары Қазақстан Республикасының нормативтік шегінде қалады. Алынған нәтижелер ауа ағынының 18%-ын OFA форсункаларына беру және оларды шамамен 9,4 м биіктікте орнату БКЗ-75 типті қазандықтарда NOₓ және CO₂ шығарындыларын азайтатындығын, жылулық қуатты төмендетпей жұмыс істеуге мүмкіндік беретіндігін растайды және бұл технологияны Қазақстанның жылу электр орталықтарына (ЖЭО) енгізу ұсынылады. Кілтті сөздер: CFD модельдеу, БКЗ-75 қазандығы, ұнтақталған көмір отыны, OFA технологиясы, NOₓ азайту, жануды оңтайландыру, түтін газдарының шығарындылары.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/bgqf1940
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Energetics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0