Central Asian Research Index

Science and Technology of Kazakhstan, 2026, № 1, 2026, с. 131-142

АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕННІҢ ЖӨНДЕУ ӨНДІРІСІНДЕ АДДИТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ӨЗЕКТІЛІГІ ТУРАЛЫ

С. И. Мендалиева, К. Т. Шеров, Д. И. Бердімұратова, А. Турусбекова, В. А. Хан

Аннотация · Abstract

Мақалада аймақтар, агроөнеркәсіптер мен қызмет салалары бойынша аддитивті технологиялар мен 3D басып шығарудың дамуын талдау және болжау, қолдану әдісі мен материалдардың түрлері бойынша аддитивті әдістердің жүйелі жіктелуі келтірілген. Әлемде аддитивті технологиялардың дамуына шолу жасалады, сонымен қатар салыстыру үшін аддитивті технологияның әртүрлі әдістері қарастырылады. Сонымен қатар, аддитивті процестердің параметрлері, материалдардың қасиеттері және ағымдағы мәселелер және аддитивті технологияларды қолдануды дамыту бойынша зерттеулерге шолу талқыланады. Жалпыланған белгілер бойынша аддитивті технологиялардың даму кезеңдерін бөлудің авторлық нұсқасы ұсынылған. Ауыл шаруашылығы техникасының бөлшектерін қалпына келтіру үшін АМ (Аdditive manufacturing)-технологияларды пайдаланудың өзектілігі негізделген, жөндеу өндірісінде АМ-технологияларды 3D басып шығаруды қолдануды оңтайландыру және қазіргі жағдайда ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету мен бөлшектерді жөндеуді және өндіруге аддитивті технологияларды қолдануды ұйымдастырудың ұтымды жүйесін құру жөніндегі міндеттер тұжырымдалған.Зерттеу Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті AP23489364 қаржыландырған «Модельдеу және эксперименттік зерттеу жолымен процесті оңтайландыра отырып, ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу кезінде аддитивті технологияларды пайдалану» гранттық қаржыландыру тақырыбы аясында орындалды. Кілтті сөздер: Жөндеу, қалпына келтіру, аддитивті технологиялар, 3D басып шығару, агроөнеркәсіптік кешен.

Сведения · Details