Central Asian Research Index

Science and Technology of Kazakhstan, 2026, № 1, 2026, с. 108-120

HARDOX 450 БОЛАТЫН ИМПУЛЬСТІ САЛҚЫНДАТУҒА ИЕ ТЕРМОФРИКЦИЯЛЫҚ ФРЕЗЕРЛЕУ АЙМАҒЫНДАҒЫ ТЕМПЕРАТУРАНЫ ЗЕРТТЕУ

И. С. Қуанов, Б. С. Дөненбаев, А. К. Шеров, С. О. Тусупова, А. Б. Бөбеев

Аннотация · Abstract

Бұл мақалада ANSYS Workbench бағдарламалық жасақтамасын пайдалана отырып, HARDOX 450 болатын импульсті салқындатуға ие термофрикциялық фрезерлеу процесінің математикалық моделін ұсынған. Бұл модель кесу аймағында өтетін жылулық және физикалық процестерді динамикалық режимде зерттеуге мүмкіндік береді. Ұсынған әдістеме кесу аймағындағы жылулық процестерді зерттеуге және жоғары беріктікті және тозуға төзімді болаттарды, мысалы HARDOX 450 маркалы болатын, импульсті салқындатуға ие термофрикциялық фрезерлеу кезінде оңтайлы кесу режимдерін анықтауға бағытталған. Зерттеуді орындау үшін кесу кезінде бұзылудың көпшілік модельдерінің ішінен алғаш рет профессор В. Л. Колмогоров ұсынған критерий қолданылды, ол үлкен пластикалық деформациялар мен жоғары температура жағдайына бейімделген. Есептеу тиімділігін арттыру мақсатында екі объектіге ие қарапайым математикалық модель ұсынылды: HARDOX 450 болатынан жасалған параллелепипед пішінді дайындама және пластина түріндегі үйкеліс фрезасының кескіш жиегі. Модельде үйкеліс фрезасының кескіш жиегі (пластина) мен дайындама арасындағы коэффициент есепке алынды, μ = 0,4 деп қабылданды. Дайындаманың түйісу қабатының астындағы қабаттың температура өрісін талдау үшін жергілікті координат жүйесінде біркелкі қадаммен орналасқан тоғыз сипаттамалық нүктенің координаттары енгізілді. Моделдеу нәтижесінде әртүрлі айналу жиіліктерінде көрсетілген нүктелердегі түйісу қабатының температурасын алу мүмкін болды. Зерттеу нәтижелері HARDOX 450 маркалы болатын импульсті салқындатумен термофрикциялық фрезерлеу кезінде жылулық процестерді тиімді басқаруға болатындығын көрсетті. Кілтті сөздер: термофрикциялық фрезерлеу, импульсті салқындату, HARDOX 450, температура, бұзылу моделі, шексіз элементтік тор, математикалық модель, жылу өткізгіштік.

Сведения · Details