Science and Technology of Kazakhstan, 2026, № 1, 2026, с. 56-67
МАТЕРИАЛДАРДЫ МАЙДАЛАП ҰНТАҚТАУ ТИІМДІЛІГІНЕ КҮШ ӘСЕРІ БАҒЫТЫНЫҢ ЫҚПАЛЫН БАҒАЛАУ
Аннотация · Abstract
Бұл жұмыста материалдарды майдалау процесінің әртүрлі бағыттағы және әсер ету түрлеріндегі ерекшеліктері қарастырылған. Шар тәрізді бөлшекке ұсақтаушы денелердің әсер етуінің төрт сипаттық жағдайы теориялық тұрғыда талданды: біржақты, екіжақты және күштердің өзара перпендикуляр бағыттардағы біріктірілген әсерлері. Майдалау дәрежесінің теориялық мәнін анықтау үшін Герц–Штаерманның жанасу есебіне және авторлар бұрын әзірлеген математикалық тәуелділіктерге негізделген математикалық модель қолданылды. Есептеу нәтижелері көрсеткендей, екіжақты әсер ету кезінде соқтығысу жылдамдықтары бірдей болған жағдайда бөлшектердің ұсақталу дәрежесі біржақты әсерге қарағанда жоғары болады. Бұл бөлшек көлемінде біркелкі кернеу-деформация күйінің қалыптасуымен және соққы энергиясының толығырақ пайдаланылуымен түсіндіріледі. Күштер өзара перпендикуляр бағытта әсер ететін көпвекторлы жағдайларда есептеу тең әсерлі жылдамдықты ескере отырып жүргізілді, бұл әртүрлі бағыттағы жүктемелердің жиынтық әсерін дұрыс бағалауға мүмкіндік берді. Алынған теориялық тәуелділіктер майдалау процесінің энергия тиімді әдістерін жобалау кезінде және көпвекторлы жүктеме режимдерін жүзеге асыратын жаңа үлгідегі диірмен конструкцияларын жасауда қолданылуы мүмкін. Зерттеу нәтижелері қатты материалдарды дезинтеграциялау процестеріндегі энергия үнемдеу ғылыми негіздерін дамытуға және өнеркәсіптік майдалау технологияларын оңтайландыруға ықпал етеді. Кілтті сөздер: ұсақ майдалау, соқтығысу энергиясы, ұсақтаушы денелер, біржақты әсер, екіжақты әсер, Герц-Штаерман жанасуы, энергия тиімділігі.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/bgqf1907
- Журнал · Journal Science and Technology of Kazakhstan
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0