Bulletin of Toraighyrov University Physics & Mathematics series, 2026, № 1, 2026, с. 272-286
11-СЫНЫПТА ТОЛҚЫНДЫҚ ОПТИКА БОЙЫНША ТРАНСПӘНДІК МИНИ-ЖОБАЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аннотация · Abstract
Мақала 11-сыныпта толқындық оптика бойынша транспәндік мини-жобаларды ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктеріне арналған. Зерттеудің өзектілігі жоғары сынып оқушыларының бойында пәнаралық ойлауды, зерттеушілік дағдылары мен күрделі физикалық құбылыстарды оқып білуге деген ынтасын қалыптастыруға деген қажеттілікпен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – 11-сыныпта толқындық оптика тарауын оқытуда транспәндік тұғырды қолданудың әдістемелік ерекшеліктерін анықтау, талдау. Зерттеу мақсатына сәйкес келесі міндеттер қойылды: 1) транспәндік оқыту мен жобалық іс-әрекетке қатысты теориялық мәселелерді зерттеу; 2) орта мектепте физиканы оқытуда STEM элементтері ретіндегі PBL-ді қолдану мысалдарына талдау жасау; 3) «Толқындық оптика» тарауын оқытуда физиканың басқа пәндермен біріктіретін мини-жобалардың құрылымын жасау; 4) бағалау критерийлері мен ресурстарды таңдауды қоса алғанда, мұғалімдерге арналған әдістемелік ұсыныстарды әзірлеу. Мақалада теориялық әдістер, оның ішінде ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау, педагогикалық тәжірибелерді салыстырмалы түрде талдау, мини-жобалардың құрылымын модельдеу. Сонымен қатар, мини-жобаларың құрылымдық модельдерін, оларды ұйымдастырудың алгоритмін, пәнаралық білімдердің интеграциясының нұсқаларын және жарықтың интеррференциясы, дифракциясы мен поляризациясын оқып білуге бағытталған тапсырмалардың мысалдарын әзірлеуге көңіл бөлінген. Зерттеу нәтижесінде транспәндік мини-жобалардың ұйымдастырудың моделі, транспәндік тапсырмалардың мысалдары, әдістемелік ұсыныстар жасалынды. Кілтті сөздер: физика, толқындық оптика, интерференция, дифракция, транспәдік тұғыр, пәнаралық байланыс.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/bgqf1900
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Physics & Mathematics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0