Bulletin of Toraighyrov University Physics & Mathematics series, 2026, № 1, 2026, с. 197-218
СПИНДІК ТОЛҚЫНДАРДЫҢ МАКРОСКОПТЫҚ ЖӘНЕ КВАНТТЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ
Аннотация · Abstract
Мақалада магниттік реттілікті жүйедегі спиндік толқындардың макроскоптық, кванттық қасиеттері және олардың қолданылу механизмдеріне қатысты теориялық зерттеулер ұсынылған. Магниттік момент пен магнит өрістерінің тербелісі Фурье бейнеде қарастырылып, магнит қабылдағыштықтың уақыттық-кеңістіктік дисперсиясы Максвелл теңдеулерінің көмегімен шығарылған. Магнитостатикалық жуықтаулар арқылы спиндік толқындардың спектрін анықтайтын дисперсиялық теңдеуді алу жолдары ұсынылды. Спиндік толқындардың әлсіреу (өшу) механизмдері мен олардың параметрлік қоздырылуы қарастырылды. Қозғалыс теңдеуінің көмегімен магниттік момент тығыздығының біртекті және біртексіз тербелістерінің өзара байланыстары бағаланды. Есептеулер кезінде магниттік анизотроптық энергия ескерілмеді, сонымен бірге толқындық вектор нөлге тең және нөлге тең емес деп алынды. Ферромагнетиктен өтетін ауыр және жеңіл бөлшектердің шоғыры (сәулесі) арқылы спиндік толқындарды қоздыру және оларды күшейту мәселесі гидродинамиканың негізгі теңдеуі арқылы шешілді. Бұл теңдеу арқылы шоғырдағы жеңіл бөлшектердің концентрациясы мен жылдамдықтарының кеңістік пен уақыт бойынша өзгерістері тексерілді. Эйлерлік координаталарда ферромагнетиктің бірлік массасына келетін серпімділік күші мен ферромагнетик энергиясының тығыздығы магнитостатика теңдеулері мен үзіліссіздік теңдеуі арқылы анықталды. Ферромагнетиктің потенциялдық энергиясының тығыздығы мен эффективті магнит өрісіне арналған өрнектер эйлерлік және лагранждық координаталардың инварианттары арқылы жазылды. Өзара әсерлесуші екі магноннан тұратын жүйедегі байланысқан күйлер ферромагнетиктің гамильтонианы мен импульстік көріністегі екі магнондық толқындық функцияға арналған Шредингер теңдеуімен зерттелді. Жекелеген атомдар спиндерінің бағыттарының арасындағы күшті корреляциялар спиндердің корреляциялық функциялары арқылы сипатталды, олар Фурье құраушылар мен Грин функциясы арқылы өрнектелді. Кілтті сөздер: спиндік толқындар, магниттік момент, магнондар, ферромагнетик, дисперсиялық теңдеу, магнитостатика теңдеулері, эйлерлік және лагранждық координаталар.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/bgqf1895
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Physics & Mathematics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0