Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Humanities series, 2026, № 1,2026, с. 202-219

ЖАҺАНДАНУ ҮДЕРІСІНДЕ ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯ МЕН ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ

Э. Д. Куандыкова, Г. М. Иманбекова, Г. К. Мусабекова

Аннотация · Abstract

Мақала жаһандану үдерісінің ұлттық идеология мен бірегейлікке әсерін әлеуметтік-саяси тұрғыдан талдауға арналған. Зерттеудің басты мақсаты – жаһандық өзгерістер жағдайында ұлттық құндылықтарды сақтау, идеологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету және қоғамдық сананы нығайту механизмдерін анықтау. Жұмыста ұлттық сана мен мәдени ерекшеліктердің қалыптасуы, олардың мемлекеттік саясатпен байланысы, сондай-ақ қоғамдағы әлеуметтік-саяси процестер жан-жақты қарастырылды. Зерттеу нысаны – Қазақстандағы қоғамдық қатынастар мен саяси үдерістер, әдіснамалық құралдар ретінде салыстырмалы талдау, тарихи-логикалық талдау, саяси дискурс және мәдени феномендерді зерттеу әдістері қолданылды. Нәтижелер ұлттық идеологияның тиімділігін оның тарихи сабақтастығы мен мәдени бірегейлікті ескеріп құрылуына байланысты екенін көрсетті. Сонымен қатар, ұлттық бірегейлікті қалыптастыруда мәдениет, білім беру институттары және қоғамдық сана маңызды рөл атқаратыны анықталды. Мақала теориялық тұрғыдан ұлттық құндылықтарды сақтау мәселесін зерттеу үшін ғылыми негіз қалыптастырады, ал практикалық тұрғыдан мемлекеттік саясатты жетілдіру, білім беру бағдарламаларын дамыту және қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған ұсынымдарды ұсынады. Зерттеу материалдары заманауи әлеуметтік-саяси контекстте ұлттық бірегейлікті нығайту мен идеологиялық тұрақтылықты сақтау мәселелерін шешуге бағытталған. Мақала саясаттану, әлеуметтану және мәдениеттану салаларына қатысты теориялық және практикалық құндылығы бар.

Сведения · Details