Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Humanities series, 2026, № 1,2026, с. 160-173

КИБЕРСПОРТ АРЕНАЛАРЫ ҚАЛАНЫҢ ЖАҢА МӘДЕНИ КЕҢІСТІГІ РЕТІНДЕ (PGL ASTANA 2025 МЫСАЛЫНДА)

Ж. А. Туребаева

Аннотация · Abstract

Бұл мақалада киберспорт ареналарының қазіргі қаланың жаңа мәдени кеңістігі ретіндегі рөлі мен ерекшеліктері талданады. Цифрландыру мен ақпараттық технологиялардың жедел дамуы қалалық мәдени ортаның құрылымына айтарлықтай ықпал етіп, дәстүрлі мәдени институттармен қатар жаңа қоғамдық кеңістіктердің қалыптасуына жол ашты. Осындай жаңа мәдени феномендердің бірі ретінде киберспорт және оған арналған ареналар қарастырылады. Киберспорт ареналары виртуалды ойын тәжірибесін нақты қалалық кеңістікке енгізу арқылы мәдени коммуникацияның жаңа формаларын қалыптастырып, жастар аудиториясы үшін тартымды әлеуметтік ортаға айналуда. Зерттеудің негізгі нысаны ретінде 2025 жылдың мамыр айында Астана қаласында өткен халықаралық деңгейдегі PGL Astana турнирі алынды. Аталған іс-шара киберспорт ареналарының тек жарыс өткізетін инфрақұрылымдық нысан ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік өзара әрекет, мәдени тәжірибе және символдық мағына қалыптастыратын урбан кеңістік екенін көрсетеді. Турнир барысында қолданылған ареналық кеңістік қаланың мәдени өміріне жаңа мазмұн енгізіп, оның халықаралық деңгейдегі мәдени имиджін қалыптастыруға ықпал етті. Зерттеу нәтижелері киберспорт ареналарының қазіргі қаланың мәдени кеңістігінде маңызды орын алатынын, жастар мәдениетінің дамуына және қаланың мәдени трансформациясына ықпал ететін жаңа қоғамдық орталықтарға айналып келе жатқанын көрсетеді. PGL Astana 2025 тәжірибесі киберспорт ареналарын қаланың жаңа мәдени кеңістігі ретінде қарастырудың өзектілігін дәлелдейді.

Сведения · Details