Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2026, № 1,2026, с. 622-631
ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ МАНСАПТЫҚ ТРАЕКТОРИЯСЫН БОЛЖАУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУ
Аннотация · Abstract
Бұл мақалада техникалық мамандықтар бойынша білім алушылардың мансаптық траекторияларын болжаудың ерекшеліктері қарастырылады. Білім алушылардың кәсіби дамуына әсер ететін негізгі факторлар, соның ішінде академиялық үлгерімі, мотивациясы, жобалар мен өндірістік тәжірибелерге қатысуы талданады. Зерттеуде мансаптық жолдарды болжауда деректерді талдау және машиналық оқыту әдістерін қолдану мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылған. Сандық және сапалық әдістер: үлгерім көрсеткіштері, сауалнама нәтижелері, оқытушылар мен жұмыс берушілердің сараптамалық бағалауы пайдаланылды. Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруда цифрлық технологиялар мен тәжірибеге бағытталған модульдердің маңыздылығы атап өтіледі. Сонымен қатар, еңбек нарығының өзгермелі талаптарына бейімделген оқу бағдарламаларын жасау жолдары қарастырылады. Зерттеу нәтижелері мамандарды даярлау тиімділігін арттыруға және олардың индустрияда сұранысқа ие болуына ықпал етуі мүмкін. Мақалада мансаптық траекторияны болжау үшін қолданылатын негізгі модельдер қарастырылған. Қарастырылған модельдер техникалық мамандық студенттерінің мансаптық траекториясын болжау барысында білім алушылардың еңбек нарығына бейімделуін жеңілдетіп, мансаптық дамуды тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Мұндай модельдер студенттерге олардың болашақ мансап жолдарын нақты жоспарлауға және жетістікке жетуге септігін тигізеді. Мақалада ұсынылған мансаптық траекторияны қалыптастыруға әсер ететін негізгі факторлар негізінде мансаптық траекторияны болжау үшін қолданылатын негізгі модельдерді қолдану білім беру мекемелеріне және жұмыс берушілерге студенттердің кәсіби даму жолдарын басқару мен болжау үшін маңызды болып табылады. Кілтті сөздер: мансаптық траектория, техникалық мамандық, Техникалық мамандықтардың қажеттілігі, жаңа мамандық, кәсіби бағдар.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/bgqf1859
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0