Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2026, № 1,2026, с. 553-568

ДАМЫТУШЫ ОЙЫНДАР МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ҚҰРАЛЫ

Г. К. Килыбаева, К. Ж. Атыманова, Р. К. Бекмагамбетова

Аннотация · Abstract

Шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу қазіргі кездегі педагогикалық теория мен практиканың маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Өйткені келешек қоғамға өзінің мәселелерін ашуда шешуші рөл атқаратындығына мән беріліп, аталмыш ұғымдардың сипаттамалары нақтыланған. Мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік білім стандарты мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы үшін жағдай жасауға, баланың оң әлеуметтенуіне, оның жан-жақты тұлғалық дамуына, мектеп жасына дейінгі кезеңге сәйкес іс-әрекетте ересектермен және құрдастарымен ынтымақтасу арқылы бастамашылдық, шығармашылық қабілеттерін, шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндіктер ашуға бағытталған.. Зияткерлік-шығармашылық қабілеттер өзінің барлық нақты формаларында көрінетіндігі: өнертапқыштық, ғылыми, әдеби, көркемдік және т.б. қарастырылған. Зияткерлік мүмкіндігі көбінесе адамның қолында бар біліммен қамтамасыз етіледі, ол сәйкес қабілеттермен бекітіледі және адамның мақсаттылығымен ынталандырылады. Шығармашылықтың ең маңызды шарты – шығармашылық әрекеттің эмоционалды реңкін туғызатын белгілі бір тәжірибелердің болуы жайында айтылған. Мектепке дейінгі кезеңде баланың зияткерлік- шығармашылық қабілетін дамытуда педагогикалық үдерісті, дамытушы ойындардың ұйымдастырудың тиімді түрлерін, формаларын анықтаудың қажеттігі туралы қарастырылған. Нәтижесінде дамытушы ойындар кешенін ұтымды жүзеге асыруда педагог кез келген балалар іс-әрекетіндегі өз позициясының екіжақтылығын есте сақтай отырып, олардың қызығушылығы, шығармашылығы, эмоционалдық көңіл-күйі, балалардың бір-бірімен қарым-қатынасының сипаты, сондай-ақ ойын әрекеттерінің сәттілігі мен ойын нәтижесіне жетуіне көңіл бөлінген. Кілтті сөздер: зияткерлік, шығармашылық мүмкіндік, зияткерлік-шығармашылық ойын, дамытушы ойын, конвергентті ойлау, дивергентті ойлау.

Сведения · Details