Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2026, № 1,2026, с. 384-403
ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОҚЫТУШЫ ТҰЛҒАСЫНЫҢ КӘСІБИ БЕЙНЕСІ
Аннотация · Abstract
Бұл мақала жоғары білім беру жүйесіндегі оқытушы тұлғасының кәсіби бейнесін талдауға арналған. Білім беру үдерісі тек білім мен ақпаратты жеткізу ғана емес, сонымен қатар шәкірттердің тұлғалық және кәсіби дамуына терең әсер ететін күрделі және көпқырлы процесс болып табылады. Оқытушының басты міндеті тек пәндік білім беру ғана емес, сонымен бірге жас ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, олардың әлемдік көзқарастарын кеңейту және ой-өрістерін дамытуды мақсат етеді. Мақалада оқытушының кәсіби қасиеттері мен шеберлігінің студенттердің тұлғалық және кәсіби дамуына әсері кеңінен қарастырылған. Оқытушының тұлғалық сапалары, оның қарым-қатынас дағдылары мен психологиялық жағдайлары білім беру үдерісіне тікелей ықпал етеді. Студенттермен сенімді, ашық, құрметті қарым-қатынас орнату, эмоционалдық тұрақтылық таныту оқытушының жұмысындағы негізгі аспектілер болып табылады. Сауалнамалар нәтижелері көрсеткендей, студенттер оқытушылардан тек кәсіби шеберлікті ғана емес, сондай-ақ эмоциялық тұрақтылықты, ашықтықты, қарым-қатынасты басқару дағдыларын да күтетіні анықталған. Бұл зерттеулер оқытушылардың тұлғалық және кәсіби даму деңгейін арттыру қажеттілігін айқындайды. Қорытындылай келе, оқытушылардың тұлғалық және кәсіби дамуында өзін-өзі белсендіру мен үздіксіз даму жолында болу маңызды екендігі ерекше атап өтіледі. Мұндай дамуды қолдау мен ынталандыру студенттердің тұлғалық өсуіне әсер етіп, білім беру үдерісінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Осылайша, оқытушының кәсіби бейнесі мен жеке қасиеттері білім сапасын арттырудың негізі болып табылады. Кілтті сөздер: білім беру қызметі, білім беру субъектісі, оқытушы тұлғасы, тұлғалық-кәсіби қасиеттер, өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/bgqf1846
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0