Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2026, № 1,2026, с. 292-309
«ГРАФИКА ЖӘНЕ ЖОБАЛАУ» ПӘНІ МАЗМҰНЫН ҚАЙТАДАН ҚҰРУ
Аннотация · Abstract
Талдау көрсеткендей, қолданыста бар пән бойынша үлгілік оқу бағдарламасы еліміздің орта білім беру саласындағы білім мазмұнына қойылытан талаптарға жауап бермейді. Мәселен, ол ел Президентінің тапсырмаларына, жоғары білім беру гранттарының көлемінің өсуіне қарай пән мазмұнының политехникалық бағытталуын қамтамасыз етпейді. Сондықтан мақалада «Графика және жобалау» пәні мазмұнын қайтадан құруды теориялық және эксперименттік зерттеулер тұрғысынан дәйектеу мәселесі шешілді. Ол үшін мынадай болжам тұжырымдалды: егер пән бойынша оқытудың мақсаты мен мазмұнының ғылыми негіздемесі әзірленсе, онда жоғары білім берудің белгіленген басымдықтары басшылыққа алынады, өйткені пән бойынша оқытудың мақсаттары мен мазмұны орта мектепте оқытудың мақсаттарына сәйкес келетін болады. Әдіснамалық көзқарастарды қолдану арқасында зерттеудің ғылыми маңыздылығы артты, атап айтқанда динамикалық көзқарас пәннің даму ретроспективасын ашып беруге, іс-әрекеттік көзқарас инженерлік іс-әрекеттің сипаттамасын ескеруге мүмкіншілік берді. Пән материалының сатылап күрделенуі қағидатын басшылыққа алғанда пән мазмұнының моделі шиыршықтар түрінде бейнеленді. 292 293 Торайғыров университетінің Хабаршысы, ISSN 2710-2661 Педагогикалық сериясы № 1. 2026 Вестник Торайгыров университета, ISSN 2710-2661 Серия Педагогическая № 1. 2026 Эксперимент нәтижесі оқушылардың 57 %-ы статикалық кеңістікті көз алдына елестету қабілетін иеленетінін, ал олардың 28 %-ы оқуды жоғары оқу орнында оқуын жалғастыру үшін өнеркәсіптік немесе құрылыс мамандықтарын қалайтынын көрсетті. Алынған нәтижелер алға қойған болжамның дәлелденгенін көрсетті. Кілтті сөздер: оқыту мазмұны, үлгілік оқу бағдарламасы, графика және жобалау, сызу, шиыршық қағидатымен күрделену, графикалық моделдеу, техникалық моделдеу
Сведения · Details
- DOI 10.48081/bgqf1841
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0