Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2026, № 1,2026, с. 8-22
ГЕОГРАФИЯ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУДА АЙМАҚТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ ГАЖ-ДЫҢ РӨЛІ
Аннотация · Abstract
Мақалада аймақтық зерттеулерді жүзеге асыруда және кәсіби дағдыларды дамытуда ГАЖ технологияларының рөлі, география мұғалімдерін жергілікті зерттеулерге үйретудегі ГАЖ-ды қолдану әдістері қарастырылған. ГАЖ және өлкетану элементтерін біріктіру негізінде болашақ географтардың кеңістіктік ойлау мен талдау дағдыларын дамыту, олардың өлкенің тарихы мен географиясы туралы білімдерін тереңдету бойынша тұжырымдамалар ұсынылып, ЖОО-да география мұғалімдеріне арналған оқу бағдарламаларында ГАЖ технологиялары мен өлкетану зерттеулерін қолданудың мүмкіндіктері талқыланды. Соның ішінде «Геоақпараттық картография» пәнін меңгеру барысында білім алушылар өлке туралы теориялық білімді игеріп ғана қоймай, өлкенің жалпы ақпараттық моделін құрудың әдістемелік негіздері қарастырылды. ГАЖ технологиялары мен интерактивті карталарды қолдану арқылы білім алушылардың өлкетанушылық және ұлтжандылық құзыреттерін қалыптастыру әдістері ұсынылды. Зерттеудің тәжірибелік бөлімінде С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «География», «География-Тарих» білім беру бағдарламасының 3‒4 курс білім алушыларымен жүргізілген эксперименттік жұмыс нәтижесі ұсынылып, «Геоақпараттық картография» пәнін оқу барысында білім алушылардың құрастырған өлкенің электрондық макеттері ұсынылды. Нәтижесінде студенттердің туған өлкеге және мәдени мұраға деген танымдық қызығушылықтары артып, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдері нығая түсті. Кілтті сөздер: өлкетану, геоақпараттық жүйелер, геоақпараттық картография, аймақтық компонент, электрондық карталар.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/bgqf1824
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0