Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Economics series, 2026, № 1, 2026, с. 516-530

АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ АУЫЛДЫҚ АУМАҚТАРДЫ ТҰРАҚТЫ ДАМЫТУДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚОЛДАУ

Р. С. Якудина, Р. С. Жусупов, З. Ж. Кенжегалиева, А. С. Ахметова, Р. К. Турдалиева

Аннотация · Abstract

Бұл мақалада Атырау облысының мысалында Қазақстан Республикасында ауылдық аумақтарды тұрақты дамытуды қаржылық қолдаудың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі зерттелген. Зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарындағы ауыл шаруашылығын дамытуға қаржылық қолдаудың тиімді механизмдерін анықтау және олардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы мен азық-түлік қауіпсіздігіне әсерін бағалау. Зерттеу мазмұнына облыстың ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығының үлестері, ауылдық аудандардағы экономикалық ерекшеліктер, сонымен қатар қаржылай қолдаудың негізгі құралдары – субсидиялар, төмен пайыздық несиелер, аванстық субсидиялау және инвестициялық бағдарламалар, т.б. енгізілген. Зерттеу түрі – кешенді талдау болып табылса, зерттеу нысаны – Атырау облысының ауылдық аумақтары мен аграрлық сектордың экономикалық дамуы. Авторлардың пікірінше, Қазақстандау азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ауылдық аумақтарды тұрақты дамытуды қаржылық қолдау механизмдерін енгізу, экономикалық өсім, қосымша жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту және азаматтық қоғам институттарын нығайту жатады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, тиімді қаржылық қолдау арқылы өндірісті арттыруға, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және өңірдің ауыл шаруашылығына қолайлы аудандарында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік бар. Кілтті сөздер: ауылдық аумақтар, тұрақты даму, қаржылық қолдау, ауыл шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі, субсидия, несие, қор.

Сведения · Details