Bulletin of Toraighyrov University Economics series, 2026, № 1, 2026, с. 447-459
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТЫ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Аннотация · Abstract
Қазақстан Республикасының экологиялық саясаты тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) жүзеге асыруда және «жасыл экономика» негіздерін қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Бұл мақалада Қазақстан Республикасының Біріккен ұлттар ұйымының тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру аясында жүзеге асырып отырған экологиялық саясатының мәселелері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу контексінде, атап айтқанда табиғатты ұтымды пайдалану, шығарындыларды азайту және жаңартылатын энергетиканы дамыту бағыттары бойынша Қазақстанның экологиялық саясатының стратегиялық басымдықтары мен құралдарын талдау болып табылады. Мақалада Қазақстанның экологиялық саясатының негізгі басымдықтары мен тетіктері, сондай-ақ оның жаһандық орнықтылық пен ұлттық стратегиялық мақсаттар контекстіндегі даму перспективалары талданады. Зерттеу әдістемесі нормативтік-құқықтық базаны, стратегиялық мемлекеттік құжаттарды, статистикалық деректерді және халықаралық есептерді талдауға негізделген. Алынған нәтижелер Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына экологиялық басымдықтардың ықпалдасуын күшейту және сектораралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру қажеттігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Зерттеу ұлттық стратегиялық мақсаттарға және жаһандық тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін Қазақстанның экологиялық саясатының маңыздылығын көрсетеді. Зерттеу барысында Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғауға байланысты мәселелер мен тиісті шаралар, қоршаған ортаны қорғау тиімділігі сарапталды. Авторлар экологиялық саясатты жетілдіру мақсатында нақты ұсыныстар әзірледі. Кілтті сөздер: жасыл экономика, тұрақты даму, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық саясат, экологиялық қауіпсіздік.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/bgqf1818
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Economics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0