Bulletin of Toraighyrov University Economics series, 2026, № 1, 2026, с. 328-341
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ (ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ МЫСАЛЫНДА)
Аннотация · Abstract
Бұл мақалада шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдірудің өңірлік аспектілері Қызылорда облысы мәліметтері негізінде қарастырылады. Мақаланың мақсаты – Қазақстандағы және өңірлік деңгейдегі шағын және орта бизнесті қолдаудың теориялық және практикалық негіздерін зерттей отырып, Қызылорда облысындағы кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік-экономикалық дамудағы рөлін анықтау және мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Зерттеу міндеттері: шағын және орта бизнес ұғымының экономикалық мәнін ашу, Қызылорда облысындағы шағын және орта бизнестің қазіргі даму жағдайына талдау жасау, мемлекеттік қолдау құралдарының тиімділігін бағалау, сондай-ақ шетелдік және отандық тәжірибені салыстыру негізінде өңірлік қолдау механизмдерін жетілдіру жолдарын ұсыну болып табылады. Зерттеу барысында жүйелі талдау, салыстырмалы әдіс, статистикалық деректерді талдау, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдаудың күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін анықтау мақсатында SWOT-талдау әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде Қызылорда облысында шағын және орта бизнесті дамытуда кездесетін негізгі мәселелер, оның ішінде қаржылық ресурстарға қолжетімділіктің шектеулілігі, инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы, ақпараттық-кеңестік қолдаудың әлсіздігі және мемлекеттік қолдау шараларының тиімді іске асырылмауы анықталды. Мемлекеттік қолдау тетіктерінің тиімділігін арттыру үшін өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, қаржылық қолдау құралдарын жетілдіру, кәсіпкерлік инфрақұрылымды дамыту және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті күшейту бағыттары ұсынылды. Алынған нәтижелер шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау механизмдерін жетілдіруге және оның өңірлік экономиканың дамуына қосатын үлесін арттыруға негіз бола алады. Кілтті сөздер: шағын бизнес, аграрлық сектор, мемлекеттік қолдау, өңір, даму, кәсіпкерлік, саясат, әртараптандыру.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/bgqf1811
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Economics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0