Bulletin of Toraighyrov University Economics series, 2026, № 1, 2026, с. 61-77
LEAN 4.0: ҮНЕМДІ БАСҚАРУ МЕН ЦИФРЛАНДЫРУДЫҢ ИНТЕГРАЦИЯСЫ
Аннотация · Abstract
Бұл ғылыми мақалада Lean 4.0 түсініктемесі, үнемді басқару қағидалары мен цифрлық технологиялардың бірігуі қарастырылады. Заманауи ұйымдар шығындарды азайту, тиімділікті арттыру және цифрлық экономика кезеңіне адаптация қажеттілігімен тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан да үнемді басқару және цифрландыру инструменттерін (IoT, ERP жүйелері Big Data, ЖИ) интеграциялау тұрақты дамудың басты факторының бірі болып табылуда, Зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасының ұйымдары мен әлемдік практикада Lean 4.0 енгізу мүмкіндіктері мен шектеулерін анықтау. Ғылыми мақаланың әдістемелік негізіне жүйелік талдау, салыстырмалы талдау және сонымен қоса SWOT талдау, дисперсиялық талдаудың иллюстрациялық талдауы (ANOVA) әдістері кіреді. Зерттеу барысында Lean 4.0 артықшылықтары көрсетілді: тауар сапасын жақсарту, бизнес-үрдістердің ашықтығын көрсету, өндіріс шығындарын оңтайландыру және шешім қабылдауды жеделдету. Сонымен бірге кездесетін кедергілерде кездеседі, атап айтсақ: цифрлық қондырғылардың бағасының қымбаттығы, қызметкерлердің цифрлық біліктілігінің төмендігі және ұйымдастырушылық өзгерістердегі кедергілер. Практикалық маңыздылығы Lean 4.0 әдеттегі кайзен қағидаларын цифрлық түрлендіру мүмкіндіктерімен интеграциялау құралы болып табылады. Отандық кәсіпорындарға бұл үрдіс бәсекелік қабілеттілікті арттыруға, экспорттық потенциалды арттыруға, халықаралық стандарттарға сәйкес келу мүмкіндіктерін ашады. Зерттеу нәтижелерін теориялық зерттеулерде де, Lean 4.0 енгізу бойынша тәжірибелер ұсыныстарын дайындау кезінде де қолдануға болады. Кілтті сөздер: Үнемді басқару, lean 4.0, цифрландыру, industry 4.0, инновация, өндіріс тиімділігі, технологияларды интеграциялау.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/bgqf1796
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Economics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0