Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Economics series, 2026, № 1, 2026, с. 17-33

ҚАЗАҚСТАНДА АДАМИ КАПИТАЛДЫҢ ЖАСТАР ЖҰМЫССЫЗДЫҒЫНА ӘСЕРІН ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

О. Ш. Әділханов, О. С. Сәбден, Ш. К. Турдалина

Аннотация · Abstract

Қарқынды өзгеріп жатқан жаһан мен дамып келе жатқан технологиялық трансформация жағдайында адами капитал аймақтардың тұрақты экономикалық өсуі мен бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторына айналуда. Жоғары интеллектуалды кадрлық әлеуетті қалыптастыру және мамандарды даярлауда нарықтың өзекті қажеттіліктеріне сәйкестігін қамтамасыз етуде білім және ғылым жүйесіне стратегиялық инвестицияларды талап етеді. Ғылыми кадрларды даярлау және технологиялық прогреске қажетті жаңа білімді қалыптастыру үшін жоғары оқу орнынан кейінгі білім ерекше маңызға ие. Бұл жұмыстың мақсаты әртүрлі деңгейдегі түлектердің (колледж, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу орындарын бітірген кадрлар) жастар арасындағы жұмыссыздық пен өңірлік экономикалық өсімге әсерін бағалау. Мақсатқа жету үшін Ұлттық статистика бюросының деректер базасынан Қазақстан Республикасы өңірлерінің 2008–2023 жылдар аралығындағы жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ), жастар жұмыссыздығының деңгейі (15–34 жас аралығы), докторантура, магистратура, бакалавр және колледж түлектерінің саны мен тіркелген интернет абоненттерінің санын қамтитын көрсеткіштері жинақталды. Панелдік деректер Gretl бағдарламалық пакеті көмегімен кездейсоқ әсерлер моделін (Random Effects Model) пайдалану арқылы есептелді. Зерттеу нәтижесінде аймақтарда магистратура деңгейіндегі түлектердің санының артуы -0,0005 теріс коэффициентімен жастар жұмыссыздығының деңгейін төмендететіні байқалды. Керісінше, студенттер мен колледж түлектерінің санының артуы аймақтардағы жұмыссыздық деңгейін әлсіз болса да жоғарылататыны анықталды. Сондай-ақ жастар жұмыссыздығының ЖӨӨ-ге күшті теріс әсері (-0.1158) болды. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес кадрларды дайындауда бірнеше ұсыныстар берілді. Алынған нәтижелер кадрлық әлеуеттің жұмыссыздыққа және экономикалық өсімге әсерін бағалау бойынша ғылыми әдебиеттерге өзінің үлесін қосады және ұзақ мерзімді перспективада кадрлар дайындаудың тиімді стратегияларын әзірлеуде практикалық маңызы бар. Кілтті сөздер: жоғары оқу орны, жастар жұмыссыздығы, жоғары зияткерлік кадр, инновациялық даму, еңбек нарығы, экономикалық даму.

Сведения · Details