Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2026, № 1,2026, с. 551-564

Тілдік тұлғаның «батырлыққа» қатысты репрезентациясы

А. А. Туймебекова, А. Б. Салқынбай

Аннотация · Abstract

Бұл мақалада тілдік тұлғаның әлемді танып, когнитивті, мәдени, концептуалды ортадан «батырлық» концептін қалыптастыруы қарастырылады. Мақаланың мақсаты – Б. Момышұлының шығармашылығынан «батырлық» концептінің репрезентациясын және батырлық ұғымы арқылы әлемді жеке тұлғаның когнитивті тұрғыда тануын анықтау болып табылады. Мақалада «батырлық» концептін қалыптастырудағы автордың дүниетанымындағы ұлттық, когнитивтік, мәдени элементтер ашылады.Сондай-ақ әлемнің тілдік бейнесін анықтаудағы Б. Момышұлы танымының шығармашылығында арқау болған ғылыми, әскери, психологиялық ұғымдарға талдау жасалынады. Мақаланың өзіндік ерекшелігі – бұрын-соңды талданбаған Б. Момышұлының тұлғалық танымы тілдік бірліктердің көркем мәтіндегі ұлттық, мәдени бейнесі арқылы лингвистикалық тұрғыдан талданады. Б. Момышұлының ойлау мүмкіндігін анықтау үшін батырдың өскен ортасы, басынан кешкен өмір жолы қарастырылады. Білім мен шындық әлем туралы ақпарат беретін категоризациялаудың негізгі формасы болып табылады. Концепт лингвомәдениеттануда ментальды білім, ұлттық бояуы бар образдық, бағалық, ұғымдық мәні бар тілдік тәсілмен беріледі. Концептілердің барлығы зат есімдермен берілетіні байқалды. Қарастырылып отырған «батырлық» концепті адамнан рухани және физикалық күшті талап ететін, ерлік пен батылдықты көрсететін батырлық лексемасымен беріледі.Зерттеу нәтижесінде Б. Момышұлының тілдік когнитивтік - ассоциациялық және когнитивті-эстетикалық, прагмастилистикалық интенциялары анықталды.Зерттеу қорытындысында Батырдың өзіндік әлемінің тілдік бейнесін жасаудағы сөз саптауынан ұлттық нақышты, мінезді, тұлғаға тән даралықты таптық. «Батырлық» концептісі отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулерімен салыстырылып, Б. Момышұлы шығармашылығындағы «батырлық» концепті халқымыздың мәні мен мұраты ретінде дәлелденеді.

Сведения · Details