Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2026, № 1,2026, с. 61-76
ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ ЖӘНЕ СӨЗДІК ҚОРДЫ БАЙЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Аннотация · Abstract
Тіл – халықтың рухани байлығы мен мәдениетінің көрінісі. Әрбір ұлттың сөздік қоры оның тарихы, салт-дәстүрі және дүниетанымы туралы терең мәлімет береді. Бұл байлықтың ажырамас бөлігі – фразеологизмдер. Фразеологизмдер – тілді бейнелілікпен, эмоциялық реңкпен және мағыналық тереңдікпен байытатын тұрақты тіркестер. Олар тек тілдің стилистикалық әрін арттырып қана қоймай, ұлттың танымдық және мәдени ерекшеліктерін көрсететін құнды құрал болып табылады. Фразеологизмдер әдеби шығармаларда ғана емес, күнделікті ауызекі сөйлеуде де жиі қолданылады. Бұл тұрақты тіркестердің мағынасы дайын күйінде беріліп, оларды сөзбе-сөз аудару мүмкін еместігіне байланысты, өйткені әрбір тіркес белгілі бір тарихи, әлеуметтік немесе мәдени контексте пайда болған. Осыған байланысты фразеологизмдерді меңгеру – тіл үйренушілердің сөздік қорын байытудың және тілдік деңгейін жетілдірудің маңызды бір жолы болып қарастырылады. Бұл мақалада фразеологизмдердің сөздік қорды байытудағы ықпалы мен олардың тілдік және танымдық функциялары қарастырылады. Сонымен қатар фразеологизмдердің ұлт мәдениеті мен дүниетанымындағы рөліне тоқталып, олардың тіл үйренушілер үшін маңыздылығы талданады. Мақала фразеологиялық бірліктегі сөздердің мағыналық ерекшеліктері туралы мәселеге жауап табуға көмектесетін теориялық негізді құрудан басталады, бұл тұста негізгі фразеологиялық ұғымдар қарастырылады. Сонымен қатар кешенді әдістеме қолданылуы арқылы фразеологиялық сәйкестендіру әдісі, семантикалық талдау жасалады. Мақала соңында фразеологиялық бірліктердегі сөз компоненттерінің түрлері талқыланып, жалпы олардың сөздік қорды қалыптастырудағы және байытудағы орны мен маңызы бағаланады.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/bgqf1740
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0