Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2021, № 4.2020, с. 120-131
ИНТЕРНЕТ-ДИСКУРС АЯСЫНДА ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ КОМПЕНСАТОРЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРДІ ДАМЫТУ
Аннотация · Abstract
"Аталмыш мақала интернет дискурс аясында шет тілін оқыту процесінде компенсаторлық қабілеттерді әлеуметтік желілердің мысалымен дамытуына арналған. Интернет-дискурс аясында білім алушылардың коммуникативтік әдеттерін әлеуметтік желілердің мысалында зерделей келе, автор компенсаторлық қабілеттерді дамытудың негізгі проблемалары мен ерекшеліктерін бөліп қарастырады. Мақалада екінші қозғалған мәселе шет тілін оқыту әдістемесінің ең өзекті проблемаларының бірі- білім алушыларда компенсаторлық құзыреттілікті қалыптастыру тиімділігі. Автордың ойынша, білім алушыларда компенсаторлық құзыреттілікті қалыптастыру және желідегі пайдаланушылар үшін тиімділігін арттыру, компенсаторлық қабілеттерді дамытатын әдістеме құру қажеттілігін туындатады. Компенсаторлық қабілеттерді дамыту әдістемесін құру интернет-дискурста жүзеге асырылатындықтан, тілдік жетіспеушіліктің орнын толтыру және сан алуан ақпараттық-анықтамалық ресурстарды пайдалану әлеуметтік сипат алды, әрі әлеуметтік даму салаларындағы сапалы түрленулер аясында қарқынды түрде толықтырылды. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/bfiy1817
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0