Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2021, № 3.2021, с. 307-322
ЖОО–ДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ТІЛДІК ЕМЕС МАМАНДЫҚТАР СТУДЕНТТЕРІНІҢ КӨШБАСШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ
Аннотация · Abstract
"Қазақ тілін оқыту мақсаттары әр түрлі нысанаға бағытталып, білім беру мазмұны нақты қойылуы қажет. ЖОО–да тілдік емес мамандықта оқитын студенттерге қазақ тілі туралы ғылымның негіздерін беру, тілдің қоғам өміріндегі маңызын аша көрсетіп, оны меңгерудің өндірісте, қоғам өмірінде аса қажетті екендігі түсіндіріледі. Қазақ тілінен жақсы білім алуына мүмкіндік туғызу арқылы тілдің басты қатынас құралы екендігіне көздерін жеткіземіз, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы ауызша, жазбаша тілдерін дамытып, функционалдық сауаттылығын арттыруға, студенттердің тіл мәдениетін қалыптастыруға,осылайша өздігінен сөйлей, жаза білуге мүмкіндік жасалынады. Осы тұрғыда қазақ тілі сабағында студенттердің тәрбиелік мақсаттары да ескеріліп, студенттердің шығармашылық және көшбасшылық қабілеттерін дамыту жағдайы жасалынуы қажет. Тілдік құбылысқа көзқарасын қалыптастыру арқылы тілдің адам қоғамымен бірге жасасып, өмір сүретінін, қоғам үшін қажетті қарым-қатынас құралы болатындығын түсіндіру жұмыстары арқылы жүзеге асырылады. Аталмыш мақалада қазақ тілі сабақтарында студенттердің көшбасшылық қабілеттерін дамытуға арналған әдістеме мазмұны, мәтінмен жұмыс жасау әрекеттері,түрлі шығармашылық жаттығу жұмыстарының жүргілу мәні қарастырылады. Көшбасшылықтың басты көрсеткіші – саналылық пен белсенділік ұстанымы арқылы тілдің заңдылықтары мен ережелерін студенттердің жаттанды түрде емес, саналы түрде меңгеруі үшін қазақ тілін оқытуда қолданылатын сабақтардың түрлеріне, атап айтсақ, 1) жаңа оқу материалын оқып-үйрену сабағы, 2) білім-іскерлік пен дағдыны жетілдіру сабағы, 3) білімді жүйелеу, жинақтау сабағы, 4) аралас сабақ, 5) білім, іскерлік пен дағдыны бағалау, бақылау сабақтарының ерекшеліктеріне талдау жасалынады "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/bffv12313
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0