Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Energetics series, 2020, № 4,2020, с. 146-155

"КЕНТАУ ТРАНСФОРМАТОР ЗАУЫТЫ ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯСЫНЫҢ ТАРАТУ ҚҰРЫЛҒЫСЫН РЕКОНСТРУКЦИЯЛАУ"

Е. О. Жапаров, З. Қ. Абдикулова

Аннотация · Abstract

Қосалқы станциядағы электр қосылысының схемасы электрмен сенімді жабдықтауды, автоматтандыруды және үнемділікті, желідегі режимдік ерекшеліктерді қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан, бұл мақалада Кентау трансформатор зауыты қосалқы станциясының электрлік сұлбасына есептеулер жүргізілді, негізгі электр қондырғылары таңдалды. Қосалқы станцияның электр қондырғыларын таңдау мен тексеру үшін үшфазалық қысқа тұйықталу тоғы анықталды, қысқа тұйықталу токтарын есептеу сұлбасы құрастырылды. Кентау трансформатор зауытының қосалқы станциясы тарату құрылғысының схемасын өзгертіп, біршама сенімді, икемді, автоматтандыруға ыңғайлы, әрі жинақтаушы шиналардың бір жүйесінде апат болғанда электрмен жабдықтауда үзіліс болдырмайтын көпірлік схемаға ауыстыру ұсынылды.

Сведения · Details