Central Asian Research Index

Science and Technology of Kazakhstan, 2025, № 4, 2025, с. 22-34

WAAM ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН ДАЙЫНДАЛҒАН ҮЛГІЛЕРДІҢ МИКРОҚҰРЫЛЫМЫНА ҚАБАТАРАЛЫҚ ИЛЕМДЕУДІҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ

А. К. Байбатша, Е. З. Нұғман, А. Қ. Мустафа, И. М. Дюсебаев

Аннотация · Abstract

Қазіргі таңда өнеркәсіпте күрделі пішінді және ірі габаритті металл бөлшектерді тиімді, жылдам әрі үнемді жолмен өндіруге деген сұраныс артып келеді. Бұл қажеттілікті өтеу үшін аддитивті өндіріс технологиялары, оның ішінде доғалы аддитивті өндіріс (WAAM – Wire Arc Additive Manufacturing) кеңінен қолданылуда. Алайда WAAM әдісінің басты кемшіліктерінің бірі – қабатаралық шекаралар мен құрылымдағы анизотропия, микрожарықтар және кеуектер сияқты ақаулардың жиі кездесуі. Осыған байланысты, бұл зерттеуде WAAM процесімен біріктірілген MIG дәнекерлеу және әр қабаттан кейін бірден жүргізілетін қабатаралық илемдеу арқылы алынатын құрылым сапасын жақсарту мүмкіндігі зерттелді. Әрбір қабат дәнекерленген соң үлгі бірден пластикалық деформацияға ұшыратылып, дән өлшемін ұсақтау, құрылымның тығыздығы мен біртектілігін арттыру көзделді. ER70S-6 болатынан дайындалған үлгілер Leica DMI8 оптикалық микроскопымен зерттеліп, илемдеудің макро және микродеңгейдегі әсері талданды. Нәтижелер бойынша илемделген үлгілерде қабатаралық шекаралардың жойылып, кеуектілік пен анизотропиялық құрылымның азайғаны, әрі біртекті және ұсақ түйіршікті құрылымның қалыптасқаны анықталды. Бұл илемдеу әдісінің WAAM технологиясында кездесетін құрылымдық кемшіліктерді жоюда және дайын өнім сапасын арттыруда тиімді құрал екенін көрсетті. Алдағы уақытта бұл тәсілді көпбағытты қысым арқылы жетілдіру және деформация әсерін сандық модельдеу арқылы нақтылау ұсынылады. Кілтті сөздер: аддитивті өндіріс, WAAM технологиясы, MIG дәнекерлеу, қабатаралық илемдеу, құрылымдық талдау, микроқұрылым, пластикалық деформация, ER70S-6 болаты.

Сведения · Details