Central Asian Research Index

Science and Technology of Kazakhstan, 2024, № 4.2024, с. 118-126

ПРЕСС ЖАБДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ҚЫСЫМДЫ ӨЗДІГІНЕН РЕТТЕУ МЕХАНИЗМІН МАТЕМАТИКАЛЫҚ СИПАТТАУ

Н. Мұратжанқызы, Ә. Л. Қасенов, М. М. Какимов, М. Т. Мурсалыкова

Аннотация · Abstract

Бұл мақалада кіші өндірістерде шырын алуға арналған тәжірибелік шырынсыққыш жабдықтың құрылымдық сұлбасын жетілдіруге арналған. Шнекті прессте шырын сығу процесінің теориялық талдауы қарастырылады. Математикалық модельдеу әдістерін қолдана отырып, дисперсті материалдан сұйық фазаны айналдыру мәселесі сипатталған және шешілген. Сондай-ақ,пресс жабдығының принциптік схемасы және сипаттамалары және оның жұмыс принципі келтірілген. Пресс жабдығы мен қысымды өздігінен реттеу механизміне әсер ететін күштер анықталды: Ғқыс - қысым күші, Н; Ғығ. - ығысу күші, Н; Ғ сер. - серпімділік күші, Н. Престеу жабдығының жұмысына байланысты зеерлі саптама мен шнек орамының арасындағы саңылауының өзгерісіне байланысты қысымды өздігінен реттеу механизмінің сұлбасы мен кез келген нүктесіне әсер ететін күштер анықталды. Престеу процесін теориялық есептеудің ұсынылған әдістемесі оңтайлы параметрлерді анықтауға және ұсынылған жұмыс органының құрылымын қолдана отырып, шырғанақ шырынын престеуге мүмкіндік береді. Математикалық модельдің тәуелділіктері (өрнектері) алынды, олар престеу процесін күшейту кезінде қажетті параметрлерді алдын-ала ескере отырып, оңтайлы мәндерді анықтауға мүмкіндік береді. Престеу процесін инженерлік есептеудің ұсынылған әдісі оңтайлы параметрлерді алдын-ала анықтауға және өндіріс жағдайларына байланысты кез-келген қуаттылықтағы престі жасауға мүмкіндік береді. Кілтті сөздер: шырғанақ, қысым реттеу механизмі, серіппе, күш, математикалық моделдеу.

Сведения · Details