Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2022, № 4.2022, с. 190-203

ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ДҮНГЕН МӘДЕНИЕТІНДЕГІ ТАҒАМ АТАУЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ СИПАТЫ

А. А. Муса-Ахунов, Қ. Ө. Есенова

Аннотация · Abstract

"Мақалада қазақ және дүнген мақал-мәтелдеріне салғастырмалы түрде лингвомәдени талдау жүргізіледі. Лингвомәдени бірліктерге талдау жасау барысында қазақ және дүнген халқы мәдениетінің сабақтастығы мен өзіндік этникалық ерекшеліктеріне назар аударылады. Дүнген ұлттық тағам дайындау мәдениетіне қатысты мақал-мәтелдерге лингвомәдени талдау жүргізіліп, қазақ халқының ас-тағам дәстүрінен эквивалент болатын атаулар, әдет-ғұрып үлгілері келтіріледі. Этностық ерекшелік пен өзгешелікті халықтың заттық мәдениеті, оның ішінде тұрмыстық мәдениеті жан-жақты танытады. Дүнген ұлтының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық дүниетанымы, наным-сенімі, әлеуметтік көзқарасы, салт-дәстүр, ырым-тыйымдар жиынтығы халықтың күнделікті тұрмысын бейнелейтін мақал-мәтелдердің бойында көрініс тапты. Олардың ішінен, әсіресе, ас-тағам дайындау ерекшелігі мен оған байланысты әдет-ғұрып үлгілерін сипаттайтын мақал-мәтелдерді ажыратамыз. Дүнген ұлттық тағам дайындау дәстүрі қытай мәдениетінің жалғасы бола тұра, ислам дінінің ықпалы тиген өзіндік сипатқа ие болды. Дүнген тағамы азық-түлік таңдаудан бастап тағам дәстүріндегі тыйымдар, этика-эстетикалық нормалармен ерекшеленеді. Дүнген тіліндегі лингвомәдени бірліктерге талдау жасау барысында қазақ халқының салт-дәстүрінде кездесетін бірдей, ұқсас элементтермен салыстырылады. Сонымен қатар дүнген ұлтының этникалық ерекшелігін танытатын, әдет-ғұрпынан хабардар ететін мақал-мәтел үлгілері де берілген. Қазақ және дүнген халқының рухани сабақтастығының бір саласы – ас-тағам мәдениеті, оған қатысты екі ұлтқа ортақ және ұқсас әдет-ғұрыптар екеніне көз жеткізілді. "

Сведения · Details