Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2020, № 4.2020, с. 103-112
Қ. П. Мәшһүр-Жүсіп еңбектеріндегі тәуелсіз – ұлттық зерттеу мен пайым
Аннотация · Abstract
"Мақалада қазақ әдебиеттану ғылымының аса көрнекті зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Қуандық Пазылұлы Мәшһүр-Жүсіптің ғылыми еңбектері талданған. Ғалым еңбектерінің басты ерекшеліктері қазақ лирикасындағы көркемдікті ашуымен айқындалады. Бұл ретте қазақ әдебиеттану ғылымының 1960 жылдардан кейінгі зерттеулері назарға алынуы керек. Бай қазақ лирикасының тектік белгілерінің негізі нақтыланғанымен де көркемдік сипаттары туралы ғылыми ой мен көзқарастарда әлі де зерттеулер қажеттігі осы – жиырмасыншы ғасырдың алпысыншы жылдарынан кейінгі кезеңде анық байқалды. Қуандық Пазылұлы ғылыми еңбектерінде қазақ лирикасындағы көркемдік бейне мен стиль ерекшеліктері туралы теория бір жүйеге келтірілді. Мақалада ғалымның қазақ лирикасындағы орны бөлек зерттеулері туралы айтылады. Әсіресе, ғалымның терең қаралып, қордалы ойымен ерекшеленер еңбегінің бірі – «Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік» деп аталатын монографиясы. Бұл – жетпіс жылғы саясат сергелдеңінен кейінгі қазақ әдебиетінің орны бөлек мұрасы – лирикасын ұлт мүддесін тұрғысынан зерделеген еңбек болуымен артық. Зерттеуде 1989 жылдың желтоқсанында ақталған Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы туындылары, әдебиет талдауы назарына ілінбей келген Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы шығармалары алғаш рет талданса, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин шығармалары тәуелсіз әдебиет тұрғысында, егемен ел зерттеушісі ой-пайымымен қарастырылады. Қазақ лирикасындағы әдіс пен тәсілдің ара-жігі ашылады. Әдебиеттегі көркемдік бейненің жасалуын, тегін анықтап көрсетеді. Осы тұста дәстүр сабақтастығы мен ой жалғастығына да мән беріледі. Бұл 20-ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі лирика жанры арқылы, осы кезең туындыларын материал ретінде ала отырып, бейнелілік пен стиль туралы әдебиет теориясына қажет ойларды тұжырымдайды. Мақала авторлар ғалымның еңбектерінен қазақ лирикасына қатыстыларын алып талдайды. Бұл ретте Қ. П. Мәшһүр-Жүсіп ғылыми еңбектері алты топқа жіктеліп көрсетіледі. Осы топтар арқылы ғалымның қазақ лирикасындағы бейнелілік, автор ұстанымы, қоғаммен қатынас, көркемдік, стиль т.б. теориялық мәселелер туралы ой нақтылана түседі. Мақала әдебиет зерттеушілеріне, филология, гуманитарлық сала мамандарына арналған. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/ayce5658
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0