Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 3,2025, с. 428-441
«Репрезентация» ұғымы және ғылым салаларындағы қолданысы
Аннотация · Abstract
Репрезентация мәселесі ғылыми еңбектерде, мақала, диссертациялық жұмыс, монографияларда қарастырылғанымен аталмыш ұғымға берілген бірізді нақты анықтама жоқ. Біз мақаламызда репрезентация ұғымын бірнеше ғылым салаларында қарастыруға тырыстық. Репрезентация термині салааралық термин болып табылады. Ең алдымен философия ғылымында пайда болған бұл термин даму барысында ғылымның өзге салаларында да қолданыла бастаған. Аталмыш термин туралы толық түсінік алу үшін бұл ұғымның өзге де ғылым салаларында зерттелуіне шолу жасадық. Философия, психология, лингвистика салаларындағы қолданысында ортақ мағына бар және көрсетілген ғылымдарды ұштастырып тұрған ғылым саласы – когнитология ғылымы деп болжам жасаймыз. Сондай-ақ репрезентация термині кейбір ғылым саларында, атап айтқанда, социология ғылымында тілмен байланыссыз, мүлдем басқаша мағынада қолданылады. Біз мақаламызда репрезентация ұғымын жоғарыда аталған ғылым салаларында жарық көрген еңбектерге талдау жасай отырып, тілдік репрезентация ұғымының табиғатын ашуға, оның когнитивтік лингвистикадағы қолданыс аясын нақтылауға қадамдар жасадық. Мақаламызда тілдік репрезентация ұғымы ең алғаш философия ғылымында пайда болып, когнитология ғылымының негізінде психология мен философия салаларының пәнаралық байланысында қалыптасқан деген бағытта зерттеу жүргіземіз. Кілтті сөздер: репрезентация, когнитология, когнитивті лингвистика, когнитивті психология, ұғым, коммуникативті концепция, когнитивті концепция
Сведения · Details
- DOI 10.48081/avhq3770
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0