Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2020, № 4.2020, с. 54-63
И. Оразбаев поэзиясындағы Абай дәстүрі
Аннотация · Abstract
"Мақалада қазақ поэзиясында өзіндік ерекше үнімен, өзіндік қолтаңбасымен дараланып көрінен, өлеңсүйер оқырман қауымның көңілінен еркеше орын алған белгілі ақын Иранбек Оразбаевтың Абай үлгісіндегі жырлары талданады. Қазақ әдебиетіндегі реалистік әдеби дәстүрдің басында ұлы ақын Абай тұрды. Бұл заңды да. Өйткені өз дәуірінің рухани жүгін арқалау міндеті Абай сынды алып тұлғалардың ғана қолынан келер іс еді. Ол өзінің сан қырлы шығармашылығы арқылы қазақ әдебиетінде бүтіндей жаңа дәстүр, әдеби мектеп қалыптастырды. Ұлттық әдебиеттің бұдан кейінгі даму процесін тікелей осы дәстүрдің заңды жалғасы деп білеміз. Қазақ поэзиясында Абай жырларымен сусындап, Абай поэзиясынан дәріс алмаған, Абай үлгісімен өлең жазбаған ақын кемде кем. Жыр әлеміне қадам басқан басқа да ақындар секілді Иранбек Оразбаев та Абай поэзиясының әлеуметтік тағдыры, халықтық сипатынан ғана емес, сонымен бірге көркемдік қырларынан, ақындық айшықтарынан, суреткерлік шеберлігінен де мол тағылым алды. Ол өзінің көптеген шығармаларын Абайдың жаңашыл поэзиясының өлшем, ұйқас түрлерімен жазды. Абай поэзиясының рухын бойына мол сіңіруі Иран-Ғайыптың өзінің де жаңашыл ақын болуына бөгет жасаған жоқ. Бұл үйрену қайта оның бойындағы зор ақындық қуатты ашты, оны көркемдік ізденістердің соны соқпақтарына салды. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/atdd5818
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0