Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2021, № 3.2021, с. 150-159
BOOTSTAP ФРЕЙМВОРГЫ КӨМЕГІМЕН АДАПТИВТІ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚОСЫМШАЛАР ҚҰРУ ӘДІСТЕРІ
Аннотация · Abstract
"Бүгінде тұтынушылардың сұраныстарына орай бағдарламалық қосымшалар құрудың әдіс-тәсілдері жетілдіріліп, жан-жақты даму үстінде. Бағдарламалау тілдері және технологияларының жетекші мамандары кітапханалар арқылы жүзеге асырылатын нысанға-бағытталған бағдарламалаумен ғана шектелмей, каркасты әдісті қолдану, фреймворктар көмегімен қосымшалар құру ісін қолдап, бұл сала заманауи бағыт ретінде қолданысқа ендірілуде. Мақала көлемінде талқыланатын Bootstrap ортасы негізгі браузерлерге бейімделгіш, адаптивті клиенттік қосымшаларды бағдарламалауға арналған фреймворк болып табылады. Зерттеу мақсатына орай Bootstap фреймворгы арқылы адаптивті бағдарламалық қосымша жасақтау жолдарын нақтылау, оның ішінде фрейворкты баптау жолдары, торлық режиммен жұмыс жасауда контейнерлер, қатарлар және адаптивті блоктарды қолдану, қосымшаның мобильдік қосымшадан оқылуын ұйымдастыру және жүзеге асыру жұмыстары баяндалады. Қосымшалар жасақтауда аталған тәсілді пайдалану бағдарламалау барысындағы туындайтын қиындықтардың алдын-алып, оңтайлы тәсілдерді қолдану нәтижесінде жоғары талғаммен, сапалы бағдарламалар құруға жәрдемдеседі. Аталған әдістерді оқу үдерісіне ендіру бәсекеге қабілетті заманауи білім, білік және дағдысы қалыптасқан мамандар даярлауда маңызды болып табылады. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/atbf6539
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0