Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 1.2025, с. 318-332
БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ФЭНТЕЗИ ЖАНРЫ МЕН МИФОПОЭТИКАЛЫҚ АСПЕКТ (ШЕТЕЛ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ БОЙЫНША)
Аннотация · Abstract
Балалар әдебиетіндегі фэнтези жанры – балаларға арналған әдебиеттегі ерекше бағыт, ол жас оқырмандарды қиял әлеміне саяхатқа шығарады. Фэнтези жанрының басты ерекшелігі – шындыққа жатпайтын, бірақ логикалық құрылымға ие әлемдер мен оқиғаларды суреттеу. Грек философиясында фантазия ретінде дүниеге келген, бүгінгі күні біз түсінетін қиял ұғымы әртүрлі мағынаға ие және әртүрлі функцияларды қамтиды. Мақалада фантазия, фэнтези, сиқыр, қиял, екінші әлем түсініктерін әдеби түсіндірме сөздіктерден, философ Платон, Аристотельдің теориялық тұжырымдары, шетелдік және отандық зерттеушілердің еңбектеріне шолу арқылы түсіндірілді. Балаларға арналған фэнтези шетелдік және қазақ әдебиетіндегі ертегі-хикаялардың поэтикалық ерекшеліктерін, кейіпкерлер әлеміне, көркемдік жүйесіне мысал келтіре отырып талданды. Балалар әдебиетіндегі антропоцентризм көркемдік деңгейі де қарастырылады. Бұл барлық фантастикалық шығармаларға тән құбылыс. Қиял-ғажайып шығармалардағы осындай антропоцентрлік құбылыстардың әрқайсысына тән белгілерді ажыраттық. Фантастикалық шығармаларда сиқырға ие және тылсым күшті игеруші әйел образында беріледі, бұл сиқырды меңгеру деңгейімен сипатталады. Қазақ және ағылшын әдебиетіндегі шығармаларда да осы құбылыстың берілу тәсілі мен жолы қарастырылды. Зерттеу барысында герменевтикалық, компаравистикалық, салыстырмалы-тарихи талдау әдістері қолданылды. Кілтті сөздер: Балалар әдебиеті, фэнтези жанры, мифопоэтика, мифтік таным, ұлттық құндылық, психоаналитикалық талдау, қиял-фантазия.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/aowa1017
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0