Bulletin of Toraighyrov University Economics series, 2024, № 4.2024, с. 325-337
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІГІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: ТАЛДАУ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
Аннотация · Abstract
Бұл мақалада Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерліктің құрылымы, оның аймақтық ерекшеліктеріне және қызмет түрлері бойынша бөлінуіне талдау жасалған. Әлеуметтік кәсіпкерлік, әсіресе жаһандық өзгерістер мен әлеуметтік теңсіздіктің өсуі жағдайында, қоғамның әлеуметтік, экономикалық және экологиялық мәселелерді шешудің маңызды құралы ретінде қарастырылады. Авторлар Қазақстан Республикасының әлеуметтік кәсіпкерлік реестрінен алынған мәліметтерге талдау жүргізіп, осының нәтижесінде кәсіпорындардың төрт негізгі санаты анықталып, олардың әрқайсысының міндеттері мен бағыттары көрсетілді. Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлердің отбасы, балалық шақ, білім беру және қоршаған ортаны қорғауға байланысты әлеуметтік бастамаларға жоғарғы қызығушылықты көрсетеді. Сондай-ақ, мақалада әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудағы аймақтық айырмашылықтар қарастырылып, мұндағы әлеуметтік кәсіпорындардың көпшілігі ірі қалаларда шоғырланғаны, ал ауылдық аймақтардың мұндай кәсіпорындармен аз қамтылғаны анықталды. Еліміздің шалғай аймақтардағы әлеуметтік кәсіпорындардың қаржылық қолдаудың аздығы, сондай-ақ, инфрақұрылымның төмен деңгейі, ресурстардың шектеулігі және тағы басқа кедергілері ерекше атап өтілген. Сонымен қатар, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу, өңірлік теңсіздікті жою және мемлекет халқының әл ауқатын жақсарту үшін әлеуметтік осал топтармен жұмыс істейтін кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау шараларын одан әрі дамыту қажеттілігі көрсетіледі. Кілтті сөздер: әлеуметтік кәсіпкерлік, әлеуметтік кәсіпкерлік реестрі, әлеуметтік кәсіпорындар, әлеуметтік кәсіпкерлік құрылымы, әлеуметтік кәсіпкерлік санаттары.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/akao9321
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Economics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0