Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2021, № 1.2021, с. 26-36
Н. АЙТҰЛЫНЫҢ «САРЫ ҚЫЗ» ПОЭМАСЫНДАҒЫ ТАРИХИ БЕЙНЕ ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ШЫНДЫҚ
Аннотация · Abstract
"Мақалада тарихи деректер мен көркем шығарманың арақатынасы, бұл мәселе жөніндегі зерттеушілер пікірі сараланды. Әдеби теориялық және эстетикалық бағаның даму барысында қалыптасқан теориялық категориялар «көркем қиял» мен «көркемдік болжам» өнердің әр дәуірдегі даму процесінде күшті өзгерістерге түсетін құбылыс екендігін атап өтіп, көркем шығармадағы тарихи деректердің көркемдік шындыққа айналуы туралы мәселе қозғалды. Несіпбек Айтұлының «Сары қыз» поэмасының тақырыптық-идеялық ерекшеліктері, образдар жүйесі, сюжеттік даму арнасы талданды. Тарихта болған атақты қобызшылар Қорқыт, Қойлыбай, Тілеп өмірі мен тағдыры туралы, олардың психологиялық жан-дүниесі ашылды. Қобыз сарыны мен адам тағдыры, табиғат пен адам біртұтастығы поэма негізінде жан-жақты зерделенді. Поэмадағы поэтикалық ізденістер, көркемдік тәсілдер ақынның стилдік ерекшелігі ретінде қарастырылды. Тарихи бейне жасаудағы автор шеберлігі көрсетіліп, өзіндік көркемдік қолтаңбасы айқындалды. Поэма желісіндегі оқиғалардың тарихи негізі сараланып, көрем шығарма материалына айналу жолы зерделенді. Қаламгердің көркемдік қиял мен өмір шындығын тепе-теңдікте ұстай отыра, өзіндік көркемдік дүниетанымын танытқаны ой өзегіне айналды. Көркемдік шешім мен тарихи шындықтың өзара қарым-қатынасын танытудағы автор шеберлігі мен шығарманың поэтикалық жетістіктері қарастырылды. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/adoa4212
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0