Adam alemi, 2026, т. 28, № 4 (110), с. 225-235
ИСЛАМДЫҚ ХАЛАЛ ҰҒЫМЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СЕМАНТИКАЛЫҚ КЕҢЕЮІ: «АДАЛ» СӨЗІ НЕГІЗІНДЕ
Аннотация · Abstract
Мақалада «адал» ұғымының қазақ тіліндегі мағыналық құрылымы мен оның исламдық халал ұғымымен арақатынасы қарастырылады. Сөздіктердегі мағыналардың реті сөз алдымен тағамға қатысты діни термин болып, моральдық мағынаға кейін ие болды деген ой туғызуы мүмкін. Зерттеу осы болжамды тарихи деректер арқылы тексереді. Материал ретінде сөздіктер, кеңес кезеңіне дейінгі мәтіндер (жыраулар, XIX ғасыр ақындары, Абай, Шәкәрім, А. Байтұрсынұлы, батырлар жыры т.б.), мақал-мәтелдер және Алматы қазақ тілі корпусындағы «адал» сөзі кездесетін 194 сөйлем алынды. Мәтіндерден жиналған үзінділер сөздің нені бағалайтынына қарай жіктелді. Талдау Р. Козеллектің ұғымдар тарихына, А. Вежбицканың кілт сөздер тәсіліне және Д. Геерартстың тарихи прототиптік семантикасына сүйенеді. XIX ғасырда сөздің «халал», «алал» және «адал» деген үш нұсқасы қатар қолданылғаны, ал XX ғасырдың басында «адал» нұсқасы басым болғаны анықталды. Кеңес кезеңіне дейінгі мәтіндерде «адал» мен «арам» тағаммен қатар еңбек пен табысқа, некеге, мінез бен билікке және адамның опалылығына қатысты айтылған. Демек, моральдық мағына кейін пайда болған жоқ, оның негізі исламдағы халал мен харам жүйесінің өзінде бар. Ұғымның адамға ауысуы түрік тілінде де кездеседі, бірақ қазақ тілінде ол досқа, жарға және қызметке опалы болу мағынасында ерекше дамыған. XX-XXI ғасыр корпусында «адал» тағамға өте сирек қолданылады (194 сөйлемнің 3-еуі).
Сведения · Details
- DOI 10.48010/xzg1bf91
- Журнал · Journal Adam alemi
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0
- Лицензия · License creativecommons.org/licenses/by/4.0