Central Asian Research Index

Adam alemi, 2026, т. 28, № 3(109), с. 250-259

Исламдық ұйымдар: тарихи қалыптасуы және қазіргі даму үрдістеріне шолу

Еңлік Қасабекова, Алмасбек Шағырбай

Аннотация · Abstract

Бүгінгі заманауи үдерістерді талдауда исламдық ұйымдар мен қозғалыстардың халықаралық қатынастардағы орнының біртіндеп күшейгенін аңғаруға болады. Олардың жұмысы жеке мемлекеттердің ішкі қоғамдық-саяси жағдайына, және сыртқы саяси басымдықтарына және әлеуметтік-экономикалық байланыстардың дамуына да белгілі бір деңгейде әсерін тигізіп келеді. Осы орайда исламдық ұйымдар мен қозғалыстардың пайда болуының алғышарттарын, идеологиялық ұстанымдарын, саяси және экономикалық ресурстарын, сондай-ақ қызмет ету формалары мен жүзеге асыру жүйелерін кешенді түрде зерделеу қазіргі ғылымның өзекті бағыттарының бірі болып табылады. Ғаламдық саяси және әлеуметтік үдерістердің қазіргі сипаты исламдық ұйымдар мен қозғалыстардың қоғамдық және халықаралық кеңістіктегі рөлінің артып келе жатқанын көрсетеді. Олардың ықпалы халықаралық қатынастармен ғана шектелмей, жекелеген мемлекеттердің сыртқы саяси стратегияларына, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзгерістерге де әсер етуде. Осы тұрғыдан алғанда, исламдық ұйымдар мен қозғалыстардың қызметін айқындайтын идеологиялық тұғырларды, саяси ұстанымдар мен экономикалық негіздерді, сонымен қатар олардың мақсаттарына қол жеткізу үшін қолданатын құралдары мен институционалдық тетіктерін кешенді зерттеу айрықша ғылыми маңызға ие. Исламдық ұйымдардың жаһандық үдерістерге де ықпалдастығы болатыны шартты құбылыс.

Сведения · Details