Adam alemi, 2026, т. 28, № 4 (110), с. 38-49
ГУМАНИСТІК МОТИВАЦИЯ ЖӘНЕ МОРАЛЬДЫҚ ОСАЛДЫҚ: БАЛАЛАР ФИЛОСОФИЯСЫ ТҰРҒЫСЫНАН СЫНИ ТАЛДАУ
Аннотация · Abstract
Адамзат тарихындағы «көмек көрсету», «жақсылық жасау» сынды гуманистік қызметтер қоғам тарапынан әрдайым адамгершілік биіктік ретінде бағаланады. Алайда бүгінгі күні адамның жақсылық жасау ниетінің этикалық нормалары бұзылып манипуляция нысанына айналды. Заманауи философиялық мәселелерді зерттеу аясында гуманистік мотивацияның демотивациялық парадокске айналып кету қауіпін сейілту үшін оның этикалық негіздерін қайта қарау қажеттілігі бар.Мақалада балалар моральдық осал топтың негізі ретінде зерттеу нысанына айналды. «Мотивациядан-Манипуляцияға» трансформациясы балалар этикасы үшін шешілмеген философиялық дилемма. Бұл мәселе отандық философияда мүлдем зерттелмеген, әлемдік ғылымда да жүйелі талдау нысанына айналмаған. Мақала авторларының зерттеушілік позициясы практикалық философия тұрғысынан балалардағы гуманистік мотивацияны манипуляциядан қорғаудың этикалық негізін қалыптастыру мүмкіндіктерін қарастыру. Себебі қазіргі қоғамдық кеңістікте балалардың жақсылық жасау ниетін кері пайдалану үрдісі күшейіп, балалардың бейтаныс адамдарға деген табиғи эмпатиясы мен жақсылық жасауға деген ұмтылысы өзіндік қорғаныс аймағын қалыптастырып үлгермеген ересектер үшін қорқыныш сезімін басқаруды күрделендіріп отыр. Отандық ғылыми-философиялық зерттеу контекстінде балалар этикасындағы «гуманистік мотивация», «моральдық осалдық», «сыни эмпатия» ұғымдарына алғаш рет дербес категория ретіндегі тұжырымдау талпынысы жасалады. Бұл талпыныс балалар этикасындағы гуманистік мотивацияны манипуляциядан қорғаудың философиялық негізін қалыптастыруға практикалық серпін беруі мүмкін. Мақаладағы жаңа серпіннің әдіснамалық классикалық негізін Аристотельдің фронезис ілімі, Канттың деонтологиялық этикасы, Абай мен Фарабидің шығыс және қазақ философиялық дәстүріндегі адамгершілік этикасы ілімдері құраса, заманауи әдіснамалық негізін М.Липманның балалар философиясы (P4C) тұжырымдамасы, Ш.Коэннің манипуляция этикасы т.б. құрайды.
Сведения · Details
- DOI 10.48010/7783m174
- Журнал · Journal Adam alemi
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0
- Лицензия · License creativecommons.org/licenses/by/4.0