Adam alemi, 2026, т. 28, № 3(109), с. 241-249
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАРДЫҢ КӨПҚЫРЛЫ ДІНИ БІРЕГЕЙЛІКТЕРІ: ИСЛАМ МЕН ДӘСТҮРЛІ МӘДЕНИ МҰРА АРАСЫНДА
Аннотация · Abstract
Бұл ғылыми мақала Қазақстандағы қазіргі қоғамдық дискурсты исламның қазақ ұлттық бірегейлігін қалыптастырудағы рөлі тұрғысынан талдайды. Соңғы жылдары қызу талқыланған ақпараттық кейстерді талдау негізінде қазақ тұрғындары арасында туындаған дін мәселелері жөніндегі пікірталастың бағыттары қарастырылады. Негізгі пікірлер күнделікті тілде ислам терминологиясын қолдану, діни киім кию, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметі мен «childfree» ұғымы, полигамияға қатысты көзқарастар, сондай-ақ діни қайраткерлер мен интернет қолданушыларының қоғамдық реакция тудырған мәлімдемелері төңірегінде өрбиді. Аталмыш мәселелерді талқылау діни шеңберден әлдеқайда асып, тіл, дәстүрлі мәдениет, отбасылық құндылықтар, әйел құқықтары, сөз бостандығының шекаралары және зайырлы мемлекет қағидалары сияқты кең ауқымды тақырыптарды қамтитыны көрсетілген.Қоғамдық дискурсты талдау негізінде қазіргі қазақ қоғамы мүшелерінің ислам мен оның ұлттық бірегейлік құрылымындағы рөлі жөніндегі дүниетанымдарының шартты типологиясы ұсынылды. Тұжырымдай келе, қазақ қоғамында көзқарастар спектрінің алуандылығы көрсетілді. Олар діни фундаментализмнен айқын зайырлылыққа дейінгі әртүрлі санаттарды қамтиды, ал олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар қоғамдық пікірталастың нақты тақырыбы мен мәселесіне байланысты өзгермелі екені анықталды. Исламның рөліне қатысты туындаған пікірталастар посткеңестік трансформация контекстінде ұлттық болмысты қайта пайымдау үдерісін және исламдық мұра, дәстүрлі қазақ мәдениеті мен зайырлы мемлекет құндылықтары арасындағы тепе-теңдікті іздеуді көрсетеді.
Сведения · Details
- DOI 10.48010/3nm4aq14
- Журнал · Journal Adam alemi
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0
- Лицензия · License creativecommons.org/licenses/by/4.0