Central AsianResearch Index

ӘЛИХАН БӨКЕЙХАННЫҢ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІ ЖАЙЛЫ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

Мақалада қазақ мемлекеттілігі туралы мәселенің философиялық мазмұнын, оның қалыптасу, даму ерекшеліктерін Алаш қайраткерлерінің шығармашылығы арқылы ашып көрсетуге талпыныстар жасалынған. Философия тарихындағы мемлекет және оның басқару үлгілері туралы ұғым, түсініктерге шолулар жасалады. Мемлекеттің түпкі мәні және оны басқару үлгілері барлық өркениеттер мен мәдениеттер үшін бірдей екендігі тұжырымдалады. Қазақтың өзін-өзі тануына, алдыңғы қатарлы елдер қатарына енуіне жол ашатын қайнарлар қатарындағы алаш қайраткерлерінің саяси-философиялық ойларының әлеуеті ашып көрсетілген. Әлихан Бөкейхан ғылыми зерттеулерінің қазақтың философиялық ой жүйесі өрісін кеңейтудегі рөлі айқындалады. Түйін сөздер: мемлекет, қазақ мемлекеттілігі, автономия, басқару формалары, билік, демократия, демократиялық республика, тәуелсіздік, еркіндік.

Сведения

Журнал
Al-Farabi
Опубликовано
2025 · Т. 89, № 4, С. 49-63
Язык
Казахский
ISSN
1999-5911 · 2960-2173
Издатель
Institute for Philosophy, Political Science & Religion Studies of Committee Science of MES of the RK