Central AsianResearch Index

Theoretical and Practical Aspects of The Integrative and Disintegrative Function of Religion

ДІННІҢ ИНТЕГРАТИВТІ ЖӘНЕ ДЕЗИНТЕГРАТИВТІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ: ФЕНОМЕНОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

Мақалада діннің интегративті және дезинтеграциялық қызметтері оның әлеуметтік және тұлғалық даму процестеріне әсер ету контекстінде қарастырылады. Теориялық аспект дінді нақты жағдайлар мен мақсаттарға байланысты адамдарды біріктіруге немесе бөлуге қабілетті әлеуметтік институт ретінде талдаған ғалымдардың зерттеулерін қамтиды. Практикалық аспект Қазақстандағы діндердің қызметімен байланысты нақты әлеуметтік, мәдени және саяси процестерді қарастыратын зерттеулер негізінде көрінеді. Зерттеудің негізгі мақсаты – діннің әлеуметтік байланыстарды нығайту мен қоғамды бөлшектеу үдерістеріндегі рөлін талдау, сондай-ақ оның қазіргі Қазақстан қоғамындағы орны мен ықпалын бағалау. Зерттеудің міндеттері: діннің әлеуметтік интеграция мен дезинтеграциядағы рөлін теориялық тұрғыдан талдау; Қазақстандағы діни дәстүрлердің ұлттық бірегейлік пен мәдениетаралық байланыстарды қалыптастырудағы орнын анықтау; діннің қоғамдық өмірге тигізетін ықпалын тиімді басқару жолдарын ұсыну.Мақалада дін феноменологиясы негізінде діннің қоғамдағы бірлікті нығайтуға және әлеуметтік қақтығыстарды ушықтыруға ықпал ететін факторлары қарастырылады. Қазақстандағы діни ахуалға зерттеу жүргізген ғалымдардың еңбектерін сүйене отырып мақала авторлары діни ұйымдардың әлеуметтік және мәдени процестердегі маңызын көрсетеді. Сонымен қатар, діни сенімдердің ұлттық бірегейлікке әсері, діни плюрализмнің мәдениетаралық байланыстарға ықпалы және діни негіздегі қақтығыстардың себептері ашылады. Зерттеу нәтижелері діннің Қазақстан қоғамындағы қосарланған рөлін көрсетеді: бір жағынан, ол ұлттық бірлікті нығайтып, рухани құндылықтарды сақтауға ықпал етсе, екінші жағынан, діни алауыздықтар мен радикализм қаупін тудыра алады. Авторлар діннің оң ықпалын арттыру және оның деструктивті әсерін азайту үшін ғылыми және құқықтық шаралар кешенін жасауды ұсынады

Сведения

Журнал
Al-Farabi
Опубликовано
2025 · № 2, С. 128-141
Язык
Английский
ISSN
1999-5911 · 2960-2173
Издатель
Institute for Philosophy, Political Science & Religion Studies of Committee Science of MES of the RK