Central AsianResearch Index

The Essence and Evolution of the Formation of «Confessional Democracy»: Comparative Analysis of the Countries of the Middle East and Central Asia

«КОНФЕССИЯЛЫҚ ДЕМОКРАТИЯНЫҢ» МӘНІ МЕН ҚАЛЫПТАСУ ЭВОЛЮЦИЯСЫ: ТАЯУ ШЫҒЫС ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

Мақалада конфессиялық демократияның мәні мен қалыптасу эволюциясы, оның дамуын айқындайтын процестерге ерекше назар аударылады. Себебі діни сәйкестілік пен саяси басқарудың тоғысуымен сипатталатын конфессиялық демократия поликонфессионалды ел үшін күрделі құбылыс болып табылады. Сонымен бірге, саяси, әлеуметтік және институционалдық факторларды көпөлшемді талдауға сүйене отырып, Таяу Шығыс пен Орталық Азиядағы конфессиялық демократияға салыстырмалы талдау жасалады, оның тарихи тамырлары, айырмашылықтары, қазіргі жағдайдағы динамикасы мен келешектегі даму бағыттары қарастырылады. Әрине, діннің саясаттағы рөлі, жаһанданудың әсері және саяси плюрализм мен саяси тұрақтылыққа ықпал ететін бірқатар негізгі үрдістер те бар. Бүгінгі күнгі әлемдік геосаясаттағы ахуалды саралай келе, саяси модельдің мәні, эволюциясы және салдары зерттеледі. Тарихи мәнмәтінде, институционалдық динамикаға және қазіргі әлемнің түкпір-түкпірінде орын алып жатқан оқиғаларға сүйене отырып, зерттеу конфессиялық демократияны қалыптастырудағы жалпы белгілерді, айырмашылықтарды және аймақаралық үрдістерді көрсетеді. Таяу Шығыс пен Орталық Азиядағы нақты мысалдарды талдау негізінде мақалада діни плюрализм жағдайында әртүрлі қоғамдарды басқарудың проблемалары мен мүмкіндіктері ашылады. Осыған орай, конфессиялық демократияның Қазақстан шындығындағы рөлінің кейбір маңызды мәселелері талданады.

Сведения

Журнал
Al-Farabi
Опубликовано
2024 · Т. 87, № 3, С. 122-133
Язык
Английский
ISSN
1999-5911 · 2960-2173
Издатель
Institute for Philosophy, Political Science & Religion Studies of Committee Science of MES of the RK