Central AsianResearch Index

Akseleu Seydimbek About Historical Consciousness and the Peculiarities of the Formation of the Worldview of Nomads

АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕК КӨШПЕЛІЛЕРДІҢ ТАРИХИ САНАСЫ МЕН ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ

Мақалада көшпелілердің тарихи санасы мен дүниетанымының қалыптасу ерекшеліктері Ақселеу Сейдімбектің қазақтың ауызша тарихнамасы мен шежіре дереккөздеріне қатысты ғылыми-танымдық көзқарастары негізінде қарастырылған. Халқымызға тән ауызша тарихнама – тарихи танымның маңызды арналарының бірі. Ежелгі көшпелілерден бастау алатын Жеті ата туралы қағида ұлтымыздың басты ерекшеліктерінің бірі болып табылады.Ғасырлар бойы көшпелілер өзіндік ерекше өмір салтын, экожүйеге бейімделген шаруашылық әдістерін, табиғат пен адам арасындағы үйлесімділікті қалыптастыра алды. Шаруашылықпен бірге «адам сапасы» да, оның қабылет күші мен ақыл-парасаты да өсіп, нығая түсті. Автордың пікірінше, ауызша тарихнама, шежіре – көшпелілердің өмір сал-тынан туындаған қажеттілік, ал «Жеті ата» үрдісі көшпелілерді ұлттық қорғаудың тетігі, ұлтымызды біріктіріп, ұлттық болмысымызды қалыптастыратын салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды, моральдық-этикалық құндылықтарды сақтаудың бірден-бір жолы. А.Сейдімбек атап көрсеткендей, қазақтың ауызша тарихнамасы мен шежіресі – халқымыздың төл тарихының бір кезеңі. Сондықтан өзіміз де, келер ұрпақ та бұған бейжай қарамауымыз керек.

Сведения

Журнал
Al-Farabi
Опубликовано
2024 · Т. 87, № 3, С. 44-56
Язык
Английский
ISSN
1999-5911 · 2960-2173
Издатель
Institute for Philosophy, Political Science & Religion Studies of Committee Science of MES of the RK