Central AsianResearch Index

Information Readiness of Students in Digitization: Using the Case-Study Method in Teaching Philosophy

ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ АҚПАРАТТЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫ: ФИЛОСОФИЯНЫ ОҚЫТУДАCASE-STUDY ӘДІСІН ҚОЛДАНУ

Мақалада цифрландыру технологиясын оқу үдерісіне енгізу кезеңіндегі case-study әдісін философияны оқытуда қолдану аспектілері баяндалады. Мақалада case-study әдісін философияны оқытуда тиімді қолданудың теориялық және әдіснамалық негіздері айқындалады, сонымен қатар жоғарыда аталған әдісті қолдану негізінде пәнді оқыту тиімділігін арттыру шарттары байыпталады. Жалпы философияны оқытуда case-study әдісін қолданудың әдістемесі салыстырмалы түрде нақты сипатталады.Ағылшын тілінен аударғанда «кейс» – бұл белгілі бір жағдайларды зерттеуге, талдауға және әлеуметтік маңызды нәтижелерге қол жеткізуге негізделген, белгілі бір жағдайды білдірсе, «study» – оқу сөздерін біріктіруден құрылған білім беру әдісі екені белгілі. Кейс-әдіс немесе кейс-стади – нақты жағдайды талдау әдісі, нақты әлеуметтік, экономикалық, іскерлік жағдайлардың анықтамасын цифрлы әлеуметте пайдаланатын білім беру әдістемесі. Оқытушылар бұл жағдайды талдауға, проблемалардың мәнін түсінуге, осы мәселелердің балама шешімдерін іздеуге және олардың ішінен тиімділерін таңдауға көмектеседі. Кейстер цифрландыру дәуіріндегі нақты жағдайға, мүмкіндігінше жақын нақты материалдарға немесе ақпаратқа негізделген.

Сведения

Журнал
Al-Farabi
Опубликовано
2024 · Т. 86, № 2, С. 164-175
Язык
Английский
ISSN
1999-5911 · 2960-2173
Издатель
Institute for Philosophy, Political Science & Religion Studies of Committee Science of MES of the RK