The Phenomenon of Trust: a Conceptual Analysis
Мақалада «сенім феноменін» тұжырымдамалық анықтаудың әлеуметтік-психологиялық, экономикалық және саясаттану ғылымдағы тәсілдері мен анықтамалары талданады. Қоғамдағы әлеуметтік институттардың жаңа кеңістіктегі әлеуметтік өзгерістерге ұшырауы, сенім мәселесінің әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласында жаңаша зерттелуін талап етіп отыр. Қоғамның құрылымы мен қызмет етуі белгілерінде, бұл уақытқа дейін сенім ұғымына нақты анықтама жоқ. Сондықтанда сенім феноменіне теориялық-тұжырымдамалық тал-дау жасау арқылы, пәнаралық ұғымын мен анықтамаларын жүйелеу, әлеуметтік қарым-қатынас құралы сенім феноменінің жүйелі анықтамаларын талдау өзекті. Сенім ұғымына концептуалды талдау жасау арқылы, әлеуметтанулық, философиялық, психологиялық, саяси-экономикалық анықтамаларын жүйелеу, сенім феноменінің әмпебеп пәнаралық ұғым ретінде негіздеу. Концептуалды талдау арқылы сенім ұғымының әмбебап пәнаралық ұғым екені теориялық анықтамалар мен тәсілдерді жүйелеу нәтижесінде анықталды, қоғамда сенім феноменінің қарым-қатынас құралы ретінде қызмет етіп, жаңа әлеуметтік құбылыстардың қалыптасуына, әрекет етуіне түрткі болатынымен тәжірибелік маңыздылығы нақтыланады.Мақалада сенім феноменіне әлеуметтік-философиялық, әлеуметтік-психологиялық, саяси-экономикалық анықтамалары мен тәсілдеріне концептуалды талдау әдісін қолдана отырып, сенім мәселесінің пәнарлық ұғымын негіздеп, жүйелеу. Сенім қоғамдағы әлеуметтікинституттардың әлеуметтік қызметтерінің жүзеге асырылуында басты құралдардың бірі. Ол қоғам мүшелерін тұлғалық, тұлғаралық, топтық, қауымдастық, таптық деңгейде қарым-қатынас жасауын реттейтін құбылыс.
Сведения
- Журнал
- Al-Farabi
- Опубликовано
- 2024 · Т. 85, № 1, С. 121-133
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1999-5911 · 2960-2173
- Издатель
- Institute for Philosophy, Political Science & Religion Studies of Committee Science of MES of the RK