The Idea of Historical Justice in the Thoughts of Gumar Karash and its Modern Significance
Бұл мақалада, алдымен, қазақ дүниетамындағы әділеттілік идеясы мәселесі қойылуының концептуалды негіздеріне шолу жасалады. Ғұмар Қараштың тарихи әділеттілік туралы идеялары талданады. Оның Қазақ халқының өз алдына жеке мемлекет болуының алғышарттарын көрсеткендігі зерделенеді. Білім мен еуропалық өркениетке ұмтылу қазақ халқының тарихи әділеттілік орнатуының негізі екендігін толғайтындығы туралы оның толғауларынан үзінділер келтіре отырып, оған философиялық талдаулар жасалады. Қазақ халқының бұрынғы тәуелсіз ел болғандығын аңсау толғаулары баяндалады. Сонымен қатар, Ғұмар Қараштың ел бірлігі туралы ойлары мен ана тілінің қолданыс аясын кеңейту мәселелері тарихи әділеттілікті қайта қалпына келтіру мәселесі ретінде қойылады. Ғұмар Қараштың осындай мәселелері бүгінгі заманмен байланыстыра, салыстырыла қарастырылады және оның өзекті мәселелері талданады. Атап айтқанда, тіл мен дін мәселесі, тәуелсіздікті нығайту мәселесіндегі тарихи әділеттілікті қайта қалпына келтірудің дискурсы қарастырылады. ХХ ғасыр басындағы қазақ руханияты мен ХХІ ғасыр басындағы қазақ руханияты салыстырыла көрсетіліп, аударма мәселесі, ғылыми стильдің қалыптасуы т.б. прогрессивті және прогрессивті емес қырлары ашыла көрсетіледі.
Сведения
- Журнал
- Al-Farabi
- Опубликовано
- 2024 · Т. 85, № 1, С. 29-39
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1999-5911 · 2960-2173
- Издатель
- Institute for Philosophy, Political Science & Religion Studies of Committee Science of MES of the RK