Human Social Function in the History of Islamic Philosophy
Мақалада ортағасырлық ойшылдар әл-Фараби мен әл-Ғазалидің философиялық көзқарастарындағы адамның іс-әрекеттілігінің қоғамдық мазмұны, тұлғаның кемелділігі, ислам дінінің этикалық құндылықтары негізіндегі адамның рухани дүниетанымы, уақытты бағалауы пайымдалды. Адамның өз болмысын тануындағы әл-Фараби ұсынған ақыл іс-әрекеттілігі, білім арқылы ақиқатты тануы, әл-Ғазалидің Жаратушы сырын мистикалық тану әдістері арқылы адамның өзінің және қоршаған әлемнің ақиқатын тануы қарастырылды. Мақаланың мазмұнын ақылдың іс-әрекеттілігі және ойлау формалары, адамның діни антропологиялық сипаттары, қоғамның түрлері және оны басқарудағы қажеттіліктер, діни контекст пен іскерлікке қатысты мәдениет ұғымдары құрайды. Ойшылдардың шығармаш ылығындағы тұлға кемелділігін анықтаудың әдістеріне назар аударылды. Атап айтқанда, әл-Фарабидің қайырымды қаласындығы өнер, кемел басшы концеп-циясы, әл-Ғазали ұсынған қоғамды басқаруға тән қажеттіліктер, хәкім Абайдың толық адам концепциясы салыстырмалы талдаулар арқылы берілді.
Сведения
- Журнал
- Al-Farabi
- Опубликовано
- 2024 · Т. 85, № 1, С. 16-28
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1999-5911 · 2960-2173
- Издатель
- Institute for Philosophy, Political Science & Religion Studies of Committee Science of MES of the RK