Central AsianResearch Index

НАРАЗЫЛЫҚТАР: ШЕТЕЛДІК ЖАРИЯЛАНЫМДАРҒА ШОЛУ

Бүгінгі таңда әлемнің көптеген елдерінде қоғам мүшелерінің әр түрлі наразылық көңіл-күйлері байқалуда. Сондықтан наразылық құбылысының теориялық негіздерін, оның тетіктерін, қоғамға әсер ететін алғышарттары мен факторларын айқындау маңызды деп ойлаймыз. Берілген мақалада наразылықтар бойынша шетелдік жарияланымдарға шолу жасалып, мәселенің мәні мен негізгі түсініктері талданады. Ол үшін берілген ұғымның негізгі тұжырымдамалары талданды. Наразылықтың дефинициясы және саяси наразылық, табиғи ресурстар төңірегіндегі наразылықтар және наразылықтарды зерттеудегі өзге де аспектілер секілді мәселелер бойынша жарияланған зерттеулерге назар аудардық. Теориялық шолу арқылы шетелдік авторлардың наразылықтар бойынша ойлары жинақталды, тұжырымдамалар арасындағы өзара байланыстар анықталды және шетелдік әріптестердің деректері жүйеленді. Ғылымда тек отандық зерттеулер нәтижелерін ғана емес, шетелдік авторлардың эмпирикалық зерттеулерінің нәтижелерін ескеру қажеттілігі дәйектелді. Бұл жұмыстардың мәселе аясындағы ғалымдар арасындағы тәжірибе алмасудың маңыздылығын негіздейді.

Сведения

Журнал
Al-Farabi
Опубликовано
2021 · Т. 73, № 1, С. 84-95
Язык
Казахский
ISSN
1999-5911 · 2960-2173
Издатель
Institute for Philosophy, Political Science & Religion Studies of Committee Science of MES of the RK