РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҚОҒАМНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
Ғылыми мақалада қазіргі қазақстандық қоғамдағы рухани құндылықтардың рөлі мен маңызы қоғамның тұрақты дамуы контекстінде ашылып көрсетіледі. Осы күрделі тақырыпқа институттың жаңа ғылыми бағдарламасы арналған және өзінің алдына қазақстандық қоғамды жаңғырту жағдайында әлеуметтік-мәдени, саяси, дүниетанымдық алғышарттарды, мәдениет пен құндылықтардың даму факторлары мен шарттарын кешенді зерттеуді және Қазақстанның тұрақты дамуы контексінде мәдениет элементтерін, рухани-адамгершілік және саяси құндылықтарды институционализациялау мәселелері бойынша тәжірибеде қолдануға бағытталған ұсынымдарды әзірлеуді алдына мақсат етіп қояды. Мақалада проблемалар ауқымы сыни талдаудан өткізіліп, ғылыми зерттеудің негізгі өзектеп отырған маңызды мәселелері көрсетіледі. Қазақстан қоғамын жаңғыртудың мәдени және құндылық негіздерін, оның жаңа цифрлық жағдайдағы тұрақты дамуын философиялық негіздеу әзірленуі және жүзеге асырылуын; дамудың типі мен деңгейі айқындалуы, құрылымы мен негізгі элементтеріне талдау жүргізілуін, республика халқының саяси мәдениетін трансформациялаудың үрдістері мен сипаты анықталуын; тұрақты даму тұжырымдамасы контексінде діни құндылықтардың мазмұны мен маңызының теориялық-әдіснамалық негіздемесі жүзеге асырылуын; қоғамның тұрақты дамуы аясында Қазақстанның мәдени-құндылықтық парадигмасын және оның рухани-адамгершіліктік дамуын зерттеулерге баса назар аударылып, оларға ғылыми талдаулар жасалатыны айтылады.
Сведения
- Журнал
- Al-Farabi
- Опубликовано
- 2021 · Т. 73, № 1, С. 71-83
- Язык
- Казахский
- Цитирований
- 6
- ISSN
- 1999-5911 · 2960-2173
- Издатель
- Institute for Philosophy, Political Science & Religion Studies of Committee Science of MES of the RK